15.05.2026
«Шығыс Жылу» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 01.06.2026 жылдан 30.06.2026 жылға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Қоғам қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған өзара байланысты қағидаттар, рәсімдер мен іс-шаралар кешенін білдіреді.
Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары:
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау және кейіннен жою;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету;
- Қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру.
Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі міндеттері:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
- Қоғам қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық қызметіне тарту тәуекелін азайту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шараларды жетілдіру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізу;
- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында «Шығыс Жылу» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс өз өкілеттігін атқарушы органға қарамастан жүзеге асырады, Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама
Егер Сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға куә болсаңыз, бұл туралы:
1. телефон арқылы: +7 705 415 4816;
2. 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61-үй мекенжайы бойынша жазбаша хабарлауға болады.
3. электрондық мекенжайға: malika.galimzhanova@ukteplo.kz

















