Өскемен қаласының полиция басқармасы ескертеді!

24.08.2023

Егер Сіздің телефоныңызға қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырса және банк картасының деректемелерін сұраса, оған да сенбеңіз, бұл интернет — алаяқтар.

"Колеса" сайтында және "Instagram" әлеуметтік желілерінде тапсырыс берген кезде алдын ала төлем жібермеңіз. өнімнің шолу бейнесін талап етіңіз, егер сатушы басқа қаладан болса, таныстарыңыздан өнімді тексеруді сұраңыз.

Күмәнді қолмаөқол ақша айналымынан бас тартыңыз. Интернет желісінде спорттық оқиғалар туралы нақты болжамдар болмайды.