Салыстыру актісін ОНЛАЙН алу!

07.02.2024

Құрметті тұтынушылар!
Сіз үшін үйден шықпай-ақ салыстыру актісін алудың бірегей мүмкіндігі пайда болды! https://edoc.ukteplo.kz сілтемесіне өтіңіз және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның «Салыстыру актісін алу» жаңа қызметін пайдаланыңыз.

Салыстыру актісін алу процесі бірнеше қарапайым қадамдардан тұрады:
1. Коммуналдық қызметтер орталығының порталында https://edoc.ukteplo.kz сілтемесі бойынша өту;
2. «Салыстыру актісін алу» батырмасын басу арқылы ақпаратпен алдын ала танысу;
3. ЭЦҚ немесе eGov.mobile мобильдік қосымшасымен авторлану арқылы қызметке тапсырыс беру;
4. Өтінімді рәсімдеу.
Дайын құжат басып шығару мүмкіндігімен электрондық түрде қалыптастырылады.

Коммуналдық қызметтер орталығы біздің тұтынушыларымызға сұранысқа ие қызметтерді алу процесін қарапайым, жылдам және тиімді ету мақсатында өз қызметін кеңейту үшін үнемі жұмыс істейді!