"Шығыс Жылу" мобильді қосымшасында— "Өтінімдер" атты жаңа бөлім пайда болғанын хабарлауға қуаныштымыз, осы бөлімнің көмегімен енді жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына жедел өтінім беруге болады.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 24.01.2025 жылғы № 16-НҚ бұйрығы негізінде 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін стратегиялық тауарлар – көмір және сатып алынатын жылу энергиясы бағасының өсуіне байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (бұдан әрі - ЖЭЕА) бар болуына немесе болмауына байланысты мынадай тарифтер бекітілді:
Халыққа - 4 724,75 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 3 992,19 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда - 5 669,7 теңге/Гкал;
Бюджеттік ұйымдарға - 25 729,01 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 24 475,66 теңге / Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 38 593,52 теңге/Гкал;
Басқа тұтынушыларға - 13 366,62 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 12 892,56 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 17 376,61 теңге/Гкал.