Сүйкімді әйелдер!

06.03.2019

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні - көктемнің нәзік мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Ару көктеммен ілесе келетін мереке-табиғаттың жаңарып, адамзат баласының қарым-қатынасы мейірленіп, жарқын болашаққа жаңа құтты қадамдар мен асқақ армандар белең алатын кезең!
Сіздердің әрбір атқан таңдарыңыз арайлы, айналаңыз шексіз махаббат пен мейірімге толы болып, ал Сіздердің құрметтеріңізге гүлдер жайнап және әуендер ойнасын! Әрқашан армандарыңыз биік әрі үмітке толы болсын!
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ Сіздерге шынайы бақыт және сәттілік, зор денсаулық, барлық арман тілектеріңіздің орындалуын тілейді! Сіздердің үйлерініңізде әрқашан береке-бірлік, келісім және молшылық орын алсын! 

Сіздерге Мереке күндері М.Горький к-сі. 61, орналасқан Дербес қызмет көрсету орталығы және Call-орталығы 700-202 тел. 2019 жылғы наурыздың 9-зы және 23-ші күндері жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Сонымен қатар қосымша ТӘУЛІК БОЙЫ 560-900 және «Личный кабинет УК ТС» мобильдік қосымшаның қызмет ететіндігін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы Сіз есептеу аспабының (ыстық судың есептегіші бойынша) көрсеткіштерін бере аласыз, алдын ала есептеуді ала аласыз!