Жаңалықтар

29.11.2024
Сіздерге бағдарламаларды жаңарту бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты 2024 жылғы 20 желтоқсанда М.Горький к-сі, 61 мекенжайы бойынша орналасқан дербес қызмет көрсету орталығы,  Қазыбек би даңғылы ½ және Б. Шаяхметов көш. 13А мекенжайлары бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету орындары сағ. 08.00-ден 15.00 –ге дейін жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
22.11.2024
Қазақстан Республикасы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінің 19.11.2024 жылғы №265-НҚ бұйрығына 2024 жылғы 01 қарашадан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін бекітілген 23.10.2024 жылғы № 236-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізілуіне байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге тарифтер үйге ортақ есептеу аспаптарының (ОЕА) болуы немесе болмауы, сондай-ақ жалпы алаңның мөлшерін ескере отырып, жылытуға жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттері 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгізіледі.
21.11.2024
Тұтынушыларға Дербес қызмет көрсету орталығының тамыз айына арналған жұмыс кестесі (М. Горький көшесі, 61)
14.11.2024
Осымен «Шығыс Жылу» АҚ 2024 жылғы 02 қазаннан 2024 жылғы 28 қазанға дейін 2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы тамызға дейінгі қызмет кезеңінде Қоғамның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгенін хабарлайды.
24.10.2024
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінің 23.10.2024 жылғы № 236-НҚ бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» 27.12.2018 жылғы №204-VI Заңының 22-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 19.11.2019 жылғы №90 бұйрығымен бекітілген Үйге ортақ есепке алу аспаптарының (ҚҚС-сыз) болуына немесе болмауына байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 272-1 және 601-баптарына сәйкес 2024 жылғы 1 қарашадан бастап 2025 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңге Халық үшін - 3 970,38 теңге/Гкал, оның ішінде ЖҮЕА бар тұлғаларға - 3 326,74 теңге/Гкал, ЖҮЕА жоқ тұлғаларға - 4 764,45 теңге / Гкал тарифтері бекітілді.
16.10.2024
Құрметті Риддер қаласының тұтынушылары!
Сіз үшін үйден шықпай-ақ жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсетуге шарт жасасудың бірегей мүмкіндігі пайда болды! https://edoc.ukteplo.kz сілтемесі арқылы өтіп, жаңа қызметті пайдаланыңыз.
30.09.2024
Тұтынушыларға Дербес қызмет көрсету орталығының қазан айына арналған жұмыс кестесі
(М. Горький көшесі, 61)