ПИК, ЖІК, ЖК, ЖШС жылу тұтыну объектісінің жылу шаруашылығына жауапты тұлғаға

01.09.2020

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «ӨК ЖЖ» АҚ) хабарлайды.
Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу шеңберінде және ПИК, ЖІК, ЖШС, ЖК өкілдері үшін қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2019 жылдың мамыр айында техникалық мәселелер бойынша, оның ішінде «ӨК ЖЖ» АҚ ukteplo.kz. сайты арқылы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бойынша өтінімдер беру үшін функционал әзірленді осы функционалды іске асыру үшін «ӨК ЖЖ» АҚ жылу желілеріне қосылған және техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасқан көп пәтерлі тұрғын үй секторына қызмет көрсететін барлық ПИК, ЖІК, ЖШС, ЖК деректер базасы құрылды. Бұрын әрбір ПИК, ЖІК, ЖШС, ЖК функционалды пайдалану бойынша нұсқаулық жазбаша түрде жіберілген болатын, өйткені ол үшін ПИК, ЖІК, ЖШС, ЖК әрбір өкіліне жеке кабинетте «ӨК ЖЖ» АҚ сайтында тіркелу қажет.
«ӨК ЖЖ» АҚ осы функционалды пайдалану қажеттігі туралы және 01.09.2020 ж. бастап жылу беру маусымына жұмыстар бойынша өтінімдер тек қана ukteplo.kz/Личный кабинет/өтінімдер сайты арқылы қабылданатынын хабарлайды!