05.08.2025
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес «Шығыс Жылу» АҚ үш жылда бір рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұсынған корпоративтік басқару деңгейін бағалау әдістемесі, сондай-ақ үздік халықаралық стандарттар мен тәжірибелер негізінде озық практикаға сәйкестігі тұрғысынан корпоративтік басқаруды тәуелсіз бағалауды жүргізеді.2025 жылғы маусым-шілде айларында жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша тәуелсіз аудитор толық сипаттаманы қамтитын Есеп дайындады:
- корпоративтік басқарудың анықталған жағымды аспектілері;
- тіркелген сәйкессіздіктер;
- сондай-ақ озық тәжірибеге сәйкестік деңгейінің рейтингін есептілік.
Бағалау қорытындысы бойынша «Шығыс Жылу» АҚ-да корпоративтік басқарудың сәйкестік деңгейі ықтимал 100% - дан 91,94% құрайтыны анықталды, бұл Қоғамдағы корпоративтік рәсімдердің жетілуінің және тиімділігінің жоғары деңгейін растайды.
Алынған нәтижелер Қоғамның тұрақты даму қағидаттарын нығайту бағытында жүйелі жұмысын көрсетеді.
«Шығыс Жылу» АҚ жалғыз акционердің, тұтынушылардың және барлық мүдделі тараптардың сенімін қамтамасыз ете отырып, үздік халықаралық стандарттарға сәйкес корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді жалғастырады.


















