ХАБАРЛАНДЫРУ

29.04.2019

"Өскемен жылу жүйелері " АҚ Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп, "Өскемен қаласын жылумен жабдықтауды жаңғырту " жобасы аясында келесі компоненттер бойынша конкурс жариялайды:

        1. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы жылу жүйелері учаскелерінің толық жөндеуі.

       ЕҚДБ-дан қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын келісімшарттар ЕҚДБ-ның сатып алу саласындағы саясаты мен ережелеріне сәйкес жасалатын болады. ЕҚДБ қарыз қаражаты, егер мұндай төлемдер мен импортқа Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауының негізінде немесе заңның немесе Тапсырыс беруші елінің ресми қаулысының негізінде қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен тыйым салынса, жеке немесе заңды тұлғаларға қандай да бір төлемдер мақсатында немесе тауарлардың кез келген импорты үшін пайдаланылмайтын болады.

         Мүдделі тұлғалар Өнім берушілер мен Мердігерлерге жүгіну қажет:

"Өскемен жылу жүйелері" АҚ даму жөніндегі директоры Ерболат Сағынбекұлы Ноғайбаевқа, 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ., М. Горький көшесі, 61, Факс: +7-7232-269343, эл. пошта: yerbolat.nogaibayev@ukteplo.kz