ХАБАРЛАНДЫРУ

26.12.2019

        ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінің 23.12.2019 ж. № 69-НҚ және 23.12.2019 ж. № 70-НҚ бұйрықтары негізінде 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап «Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «ӨК ЖЖ» АҚ) көрсететін жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге жылу энергиясын есептеу аспаптарының (бұдан әрі-ЖҮЕА) болуына немесе болмауына байланысты 2020 жылға (01.01.2020 ж. бастап 31.12.2020 ж. дейін) келесі сараланған тарифтер бекітілді:
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
2020 ж. тарифтер 2019ж. тарифтер деңгейінде бекітілді, яғни өзгеріссіз қалдырылды. 
БЮДЖЕТТІК ҰЙЫМДАР ҮШІН:
- ЖҮЕА жоқ тұтынушылар тобына және ескі үйлерде/ ЖҮЕА орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі үйлерде орналасқан тұтынушылар тобына жататын тұтынушылар тариф 2020 жылға 7,4%-ға өсті;
- ЖҮЕА бар тұтынушылар тобына жататындар үшін тариф 2020 жылға 15,8% - ға өсті.
         Осы өсім Қазақстан Республикасындағы стратегиялық тауарларға баға белгілеу төңірегіндегі қазіргі жағдайға жауап береді және табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін есептеу Әдістемесінің жаңа редакциясы негізінде тарифтерді қалыптастырудың өзгертілген тәртібінің талаптарымен ұштасады, сондай-ақ өзге де тұтынушылар тобынан жеке тарифтік топқа, атап айтқанда:
ЖҮЕА жоқ                                  10 537,74 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);
ескі үйлерде орналасқан        7 025,16 теңге / Гкал (ҚҚС-сыз);
ЖҮЕА бар                                   6 716,81 теңге/Гкал (ҚҚС – сыз).
БАСҚА ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН:
ЖҮЕА жоқ тобына жататындар – тариф 2020 жылға 12,4%-ға төмендетілді;
- ескі үйлерде/ ЖҮЕА орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі үйлерде орналасқан тұтынушылар тобына жататындар үшін тариф 2020 жылға 1,0%-ға өсті;
- ЖҮЕА бар тобына жататындар - 2020 жылға тарифтер 13,0% - ға өсті.
          Тұтынушылардың осы санаты үшін 2019 жылы бекітілген тарифтермен салыстырғанда 2020 жылға арналған тарифтер: жылу энергиясымен жабдықтау бойынша табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесінің жаңа редакциясы немесе олардың шекті деңгейлері негізінде тарифтерді қалыптастыру тәртібінің өзгеруін; және соңғы жылдары жылу энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандырылған тұтынушылар көлемінің серпінді өсуін ескере отырып өзгертілді және түзетілді, атап айтқанда:
ЖҮЕА жоқ                             8 594,35 теңге / Гкал (ҚҚС-сыз);
ескі үйлерде орналасқан     6 611,04 теңге / Гкал (ҚҚС-сыз);
ЖҮЕА бар                              6 583, 15 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).