ХАБАРЛАНДЫРУ

16.01.2020

Құрметті тұтынушылар!

Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 599 бұйрығына сәйкес, 2019 жылғы желтоқсан айында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «ӨЖЖ» АҚ) 2019 жылғы күнтізбелік жылға, жылу энергиясын есептеу аспабы жоқ қала тұрғындарына, көрсетілетін қызметтердің құнына қайта есептеу жүргізді.

Егер тұтынушы тозығы жеткен үйде немесе үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу құралын (бұдан әрі-ОЖЕҚ) орнату үшін техникалық мүмкіндігі жоқ үйде тұрса, онда қайта есептеу 1 м2-ге 30, 56 теңгені құрады.

Егер тұтынушы ОЖЕҚ жабдықталмаған үйде тұрса, онда қайта есептеу 1м2-ге 36,67 теңгені құрады.

Қайта есептеудің жалпы құны пәтердің ауданына байланысты. Бұндай қайта есептеулерді «ӨЖЖ» АҚ күнтізбелік жыл аяқталғанда жыл сайын жүргізеді. Қайта есептеу құны 2019 жылғы желтоқсан айының есеп айыру парағының «Қайта есептеу» бағанында көрсетілген.

«ӨЖЖ» АҚ-на сыртқы ауаның нақты температурасын ШҚО бойынша «Қазгидромет» РМК ұсынады.