ХАБАРЛАНДЫРУ

06.02.2020

Құрметті тұтынушылар! 

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «ӨЖЖ» АҚ) Сізді жылу энергиясымен жабдықтау қызметіне есептеу бойынша барлық қажетті ақпаратты «Қазпошта» АҚ-ның өкілдері пошта жәшіктеріне дейін жеткізетін Бірыңғай төлем құжатында қағаз тасығышта көрсетілгені туралы хабардар етеді.
«ӨЖЖ» АҚ-ның есеп айырысу қағазы «ӨЖЖ» АҚ тұтынушыларының электрондық поштасына және «УК ТС личный кабинет» мобильді қосымшасына жіберіледі (электрондық жіберілімге жазылу үшін, кез-келген Дербес қызмет көрсету орталығында өтініш беруге болады).
Бірыңғай төлем құжатының уақытында жеткізілуі немесе жеткізілмеуіне қатысты сұрақтар бойынша сіздерге «Қазпошта» АҚ-на жүгіну қажет.