Жаңалықтар

12.08.2021
2021 жылғы шілде  айында «Согра ЖЭО» ЖШС-нің жылу беру көзіне қосылған желілер учаскелерінде мердігер ұйым жүргізген сынақтар негізінде жылу шығындарын есептеу орындалды.
2020 жылғы желтоқсаннан бастап 2021 жылғы маусымды қоса алғандағы кезең ішінде өз теңгерімінде Жаңа Согра к., Радужный к., Солнечный а. жылу жүйелері учаскелері бар жеке меншік үй құрылыстарының тұтынушыларына есептеу нәтижелері бойынша тұтынушының теңгеріміндегі жылу желілеріндегі ысыраптар бөлігінде азайту жағына қарай бұрын есептелген сомаларды қайта есептеу орындалды.
Есептеуді түзету 2021 жылғы шілдедегі есеп айырысу парақтарында «Қайта есептеу» бағанында көрсетіледі.
Барлық сұрақтар бойынша «ӨЖЖ» АҚ-ның Саll-орталығына 560-566 телефоны бойынша хабарласуға болады.
10.08.2021
Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 10-2 «Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында covid-19 коронавирустық инфекциясы ауруының таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысының шығуына және ШҚО-ның «қызыл аймаққа» кіруіне байланысты «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-на  (бұдан әрі – «ӨЖЖ» АҚ) 2021 жылдың 11 тамызынан бастап Ashyq өткізу жүйесі енгізілуде.
Осыған байланысты, М.Горький көшесі, 61 мекен-жайы бойынша «ӨЖЖ» АҚ ғимаратына кедергісіз кіру үшін Ashyq қосымшасын пайдалану қажет. Ғимаратқа кірген кезде QR кодын сканерлеп, күзет қызметкеріне өз мәртебесін көрсету керек.

Жасыл және көк мәртебесі бар келушілерге кіруге рұқсат етіледі.
Сары немесе қызыл мәртебесі бар келушілерге кіруге тыйым салынады.

СОНДАЙ-АҚ, СІЗДЕН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАДА БОЛУДЫ, КЕМІНДЕ 2 МЕТР ҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТАУДЫ, КІРЕБЕРІСТЕ ҚОЛДЫ АНТИСЕПТИКПЕН ӨҢДЕУДІ СҰРАЙМЫЗ!
29.07.2021
Құрметті тұтынушылар!
Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 24 шілдедегі № 10-1 "Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы» қаулысының шығуына және ШҚО-ның "қызыл аймаққа" кіруіне байланысты 2021 жылғы 30 шілдеден бастап М.Горький көшесі, 61 мекенжайында орналасқан Тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесіне өзгерістер енгізіледі.

Жұмыс күндері сағ. 8:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліссіз).
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

ШҚО бойынша карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты Сізден "Өскемен жылу желілері" АҚ-ның дербес қызмет көрсету орталығына және басқа бөлімдеріне келуді уақытша шектей тұруыңызды сұраймыз және "ӨЖЖ жеке кабинеті" мобильді қосымшасын пайдалануды ұсынамыз, оның ішінде аспаптардың көрсеткіштерін беру, төлем сомасын білу, өзіңіздің есептік парағыңызды жүктеу мүмкіндіктері берілген. Мобильді қосымшаны Play Market және App Store арқылы жүктеуге болады. Сондай-ақ, WhatsApp Чат-боты арқылы 8 707 150 99 41 нөмірі бойынша және Telegram UKTSbot көмегімен көрсеткіштерді беруге және  төлем сомасын білуге болады.
22.07.2021
2021 жылдың 26 шілдесінен бастап М.Горький, 61 көшесінде орналасқан Тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығында тұтынушыларды қабылдау бір сағатқа ұзартылғаны туралы, яғни, тұтынушылар дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін және сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылданатыны жөнінде хабарлауға қуаныштымыз. Жексенбі – демалыс күні.
Сонымен қатар, жылумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес беру Менделеев, 13А және Қазыбек би, ½ көшелерінде орналасқан Тұтынушыларға дербес қызмет көрсету орталығында дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жүргізілетіні туралы еске саламыз. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.
08.07.2021
Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2021 жылғы 28 шілде сағат 15.00-де «ZOOM» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта өтетін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2021 жылғы 1-ші жарты жылдыққа арналған тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есепті өткізетіні туралы хабарлайды. Конференцияға қосылу үшін деректер:
конференция идентификаторы: 963 816 4339, кіру коды: 4339
08.07.2021
Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2021 жылғы 28 шілде сағат 15.00-де «ZOOM» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта өтетін жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2021 жылғы 1-ші жарты жылдыққа арналған тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау туралы есепті өткізетіні туралы хабарлайды. Конференцияға қосылу үшін деректер:
конференция идентификаторы: 963 816 4339, кіру коды: 4339
21.06.2021
"Өскемен жылу жүйелері" АҚ-ның Жалғыз акционері 2021 жылғы 21 маусымда келесі Шешім қабылдады - "Өскемен жылу жүйелері" АҚ-ның аудиттелген қаржылық есептілік нәтижелерін ескере отырып: 1) 2020 жылға дивидендтер төлеуді жүргізбеу, 2) "Өскемен жылу жүйелері"АҚ-ның бір жай акциясына шаққандағы 2020 жылға дивиденд мөлшерін анықтамау.