Хабарлама

21.07.2022

Құрметті тұрғындар!
07.09.2022 жылы сағат 10.00-де «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның акт залында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ №2 қазандығының жол берілетін шығарындыларының нормативтері» жобасына әсер етуге экологиялық рұқсат беру материалдары бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдау өткізіледі.
Қатысушыларды тіркеу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Тіркеу талқылау басталғанға дейін 60 минут бұрын басталады.
Тапсырыс беруші: «Өскемен жылу жүйелері» АҚ, Мекенжайы: Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61, тел. 269-543, e-mail: info.ukts@ukteplo.kz.
Жобаны әзірлеуші: «ВостокЭкоПроект» ЖШС, Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 12 тел. 8 (7232) 76 -82-15.
Жергілікті атқарушы орган- «ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, ШҚО, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19, 25-72-06, n.anfilofeva@akimvko.gov.kz.
Жоба бойынша құжаттама БЭК-те https://ecoportal.kz/ және ЖАО сайтында e-priroda.gov.kz, «Қоғамдық тыңдау» бөлімінде орналастырылған.
Жоспарланып отырған қызмет туралы ақпаратпен және құжаттар көшірмесімен Өскемен қаласы, Самар тас жолы, 5Б, тел. 8-777-229-48-35, ҚОҚ бөлімінде larissa.filatova@ukteplo.kz мекенжайы бойынша танысуға болады.
Қызығушылық танытқан жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19, «ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, тел. 25-72-06, n.anfilofeva@akimvko.gov.kz мекенжайы бойынша қабылданады.