Хабарлама

18.05.2023

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынушыларға жылу энергиясы төлемақысын уақытында төлеу қажет екені туралы еске салады және 2023 жылғы 25 мамырдан бастап борышкерлердің пәтерлерінде ыстық суды өшіру рейдтерінің жүргізілуі басталатыны жөнінде  хабарлайды. Күтпеген қолайсыз жағдайдың туындауына жол бермеу үшін «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылу энергиясы қарызын уақытында төлеуге кеңес береді.