Хабарлама

26.01.2022

«ӨСКЕМЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ» АҚ-ы тұтынушылардың назарына ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 10.01.2022 ж. № 4-НҚ бұйрығы негізінде 2022 жылғы 1 ақпаннан 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес өзгеріссіз, яғни 2021 жылғы деңгейде, яғни ЖҮЕА жоқ тұрғындар үшін тарифтер – 3621,74 тг/Гкал, ЖҮЕА бар тұрғындар үшін – 1822,82 тг/Гкал, ескі үйлерде тұратын тұрғындар үшін – 3018,12 тг/Гкал (ҚҚС есебінсіз)  қалдырылғанын жеткізеді.
ЖҮЕА жоқ жеке тұлғалар үшін жылу төлемі ҚҚС есебімен: 12 айға бөле отырып – 72,71 тг/м2, 7 айға бөле отырып – 124,64 тг/м2. Ескі үйлерде тұратын тұтынушылар үшін 12 айға бөле отырып – 60,59 тг/м2, 7 айға бөле отырып – 103,87 тг/м2 құрайды.
ЖҮЕА жоқ, жеке есептеу аспаптары жоқ жеке тұлғалар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін ҚҚС қоса алғандағы төлем мөлшері – 705,80 тг/адам/ай, жеке есептеу аспаптары бар жеке тұлғалар үшін – 285,16 тг/м3.
Ескі үйлерде тұратын және жеке есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін ҚҚС қоса алғандағы төлем мөлшері – 588,17 тг/адам/ай, жеке есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 237,63 тг/м3.
ЖҮЕА болған жағдайда ыстық сумен жабдықтау және жылу беру қызметтерінің құны әрбір есептік кезеңде және әрбір үй үшін әр түрлі болады және ЖҮЕА нақты көрсеткіштеріне байланысты болады.
Басқа тұтынушылар үшін 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін бұрын ШҚО бойынша ТМРДК 28.12.2020 жылғы № 206-НҚ бұйрығымен бекітілген ұзақ мерзімді кезеңге арналған тарифтер өзгеріссіз қалды: ЖҮЕА жоқ болса – 10877,23 теңге/Гкал, ЖҮЕА бар болса – 8269,65 теңге/Гкал, ескі үй – жайларда орналасқандарға - 8367,10/Гкал (ҚҚС-сыз).
Бюджеттік ұйымдар үшін 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2023 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңге тарифтер ШҚО бойынша ТМРДК 10.01.2022 жылғы № 4- НҚ бұйрығымен бекітілген: ЖҮЕА жоқ болса – 18 416,11 теңге/Гкал, ЖҮЕА бар болса – 12 227,05 теңге/Гкал, ескі үй – жайларда орналасқандарға -12 277,41 теңге (ҚҚС-сыз).