Хабарлама

01.02.2023

01.02.2023 ж. бастап «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы цифрлық форматта қызмет көрсетуге көшеді, енді  call-орталықтың көрсеткіштерді қабылдау және қарыз бен төлем туралы ақпаратты беру жөніндегі жұмысы тоқтатылады!

Цифрлық сервистер (смартфондардың, интернет-қолжетімділіктің болмауына байланысты, түймелі ұялы телефон болған жағдайда) арқылы қарыз және төлем туралы ақпаратты беру және алу мүмкіндігі жоқ тұтынушылар үйден шықпай-ақ 560-900 нөмірін теру арқылы тәулік бойы жауап беретін автоөткізгіштің қызметтерін пайдалана алады.

Ыстық суды есепке алу аспаптары/жылу есептегіштер бойынша көрсеткіштерді беру және «ӨЖЖ» АҚ цифрлық сервистері арқылы қарыз және төлем туралы ақпарат алу тәсілдері:

•    «УК ТС личный кабинет» мобильді қосымшасы екі тілде жеке және заңды тұлғаның жеке кабинетіне мобильді құрылғыдан кіруге мүмкіндік береді.  Ол үшін Google Play, App Store қосымшаларында «УК ТС личный кабинетін» жүктеу керек
•    WhatsApp +7 747 427 40 22 чат-боты
•    Telegram UKTSbot чат-боты

Ай сайын көрсеткіштерді беру қажет екеніне назарларыңызды аударамыз!

Tаplink арқылы барлық қызметтерімізге өтіңіз: https://uktsinfo.taplink.ws/