Хабарлама

10.08.2022

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңге бекітілген инвестициялық бағдарламада ескерілген іс-шаралардың толық орындалмауына байланысты ҚҚС-мен 321 319,11 теңге және 2022 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңге бекітілген инвестициялық бағдарламада ескерілген, 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңге бекітілген және 2022 жылға ауыстырылған іс-шаралардың толық орындалмауына байланысты ҚҚС-мен 1 008 000 теңге мөлшерінде өз тұтынушыларына өтемақы жүргізілгені туралы хабарлайды.

Жеке тұлғалар (тұрғындар) қайтару сомасын 2022 жылғы шілдедегі «ЕРЦ-Восток» бірыңғай төлем құжатында қайта есептеу бағанында, басқа тұтынушылар, оның ішінде бюджеттік ұйымдар өтемақы туралы хабарлама шоттарында көре алады.

Өтемақы сомасы 2021 жылғы 01 ақпан мен 2022 жылғы 31 қаңтар аралығындағы кезеңде жылу энергиясы үшін есептеуге барабар айқындалған.