Хабарлама

23.05.2023

Құрметті тұтынушылар!
Мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және өз арасында цифрлық форматта жан-жақты әрекеттесуі басымдығын белгілейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» № 872 Жарлығын және цифрлық трансформация жөніндегі жалпы республикалық бағдарламаларды қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2023 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Горький көшесі, 61 мекенжайындағы басқарма ғимаратында орналасқан жеке кассаларды жабады.  

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынылған жылу энергиясы үшін төлемді төменде көрсетілген кез келген ыңғайлы жолдармен жүргізуге болатындығы туралы еске салады:

Комиссиясыз:
карта ұстаушыларға арналған интернет-банкинг арқылы:
Қазақстан Халық банкі (halykbank.kz);
Kaspi Bank (kaspi.kz);
Forte Bank (bank.forte.kz);
Jusan Bank ( jusanbank.kz);

төмендегі мекенжайлар бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы:
Өтепов көшесі, 13/1;
М. Горький көшесі, 61;
Рабочая көшесі, 6/2.

төлем жүйелерінің ұялы қосымшаларында:
QIWI.KZ - (Qiwi кошелек);

Комиссиямен:
KAZPOST пошта бөлімшелерінде;
2 деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде;
өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы: Qiwi.