Кәсіпорынның 2020 жылы 8 айдағы қызметі бойынша баспасөз туры

21.09.2020

Шараға Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Малик Арман Сапарғалиұлы, Департаменттің заңгері Серекбаева Мадина Джамбуловна, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары және "Өскемен жылу жүйелері"АҚ кәсіпорнының қызметкерлері қатысты. Баспасөз туры барысында барлығы орындалған жобалар бойынша презентациямен танысты. Инвестициялық бағдарламаның орындалуы, жоспарлы және күрделі жөндеу жұмыстары туралы техникалық директор Букатов Асхат Кенжебекұлы, тарифтер мен экономикалық мәселелер бойынша қаржы директоры Фатеева Алла Викторовна түсініктеме берді. Журналистердің толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Осы іс-шара бойынша №3 қазандық, №4 қазандық және Абай даңғылы, 97 жылу желісі учаскесі сияқты нысандарға экскурсия ұйымдастырылды.