Есептеу аспаптары көрсеткіштерін беру үшін мобильді қосымшаны іске қосу туралы

12.10.2018

Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және ыстық судың жеке есептеу аспаптары көрсеткіштерін уақытылы беру мақсатында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ есептеу аспаптары көрсеткіштерін беру үшін мобильді қосымшаны іске қосты!

Қосымша қарыз туралы ақпаратты, түскен төлем туралы, ыстық судың жеке есептеу аспаптарының көрсеткіштерін беру, ыстық суды өшіру кестесі, жылыту маусымына дайындық және «Өскемен жылу жүйелері » АҚ-ның жұмыс кестесі туралы толық ақпараттарды алуға арналған.

Қосымшаны келесі сілтеме арқылы https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.ukteplo.uktscab жүктеуге болады. Сонымен қатар, аталған қосымша Android мобильдік операциялық жүйесі үшін Google Play Market-те орналыстырылған.