Аблакетка к. және "Промбаза" шағын ауданының көп пәтерлі тұрғын үйлерінің тұрғындары ыстық сумен жыл бойы пайдалана алады!

19.04.2017

2015 жылдан бастап "Нұрлы Жол" инфрақұрылымдық дамудың бағдарламасы шеңберінде № 3 қазандықтан "Промбаза" шағын ауданына дейін жылу трассасы құрылысы жүргізілді. 2 жыл ішінде № 3 қазандықтан алдын-ала оқшауланған құбырлар төселді, тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталған монтаждалған жылу камералары және орталық жылу пункті жасалды.

Жобаны жүзеге асуының арқасында Аблакетка кентінің Островский көшесіндегі, 58, 60 үйдің тұрғындарына және Промбаза шағын ауданының 2, 4, 6, 6/1, 8, 8/1, 10, 14, 16, 18, 20, 22, 24 26 үйлерінде тұратын, Геологическая көшесі бойында тұратын тұрғындарға жаз мезгілінде ыстық сумен жабдықтау қол жетімді болды. Бұрын аталған тұтынушылар ыстық сумен жабдықтауға тек жылыту маусымында ғана қосылған болатын.

Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз