30.09.2025
Өскемен қаласы әкімінің орынбасарының №1318/ШН-4/349 шығыс хаты негізінде «Шығыс Жылу» АҚ 29.09.2025 жылғы №382 2025 жылғы 1 қазаннан бастап 2025-2026 жж.жылу беру маусымының басталуы туралы бұйрығы бекітілді.Жылу желілеріне қосу барлық өткен жылдардағыдай, жылу тұтыну нысандарының техникалық дайындығын ескере отырып, 1 қазаннан бастап 6 күн ішінде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Техникалық даярлық төлқұжаты жоқ нысандар барлық жұмыс түрлері тапсырылғаннан кейін қосылатын болады.
Қатты отын қоры - 19 486 тоннаны құрайды, бұл нормативтік қордың 35 тәулігіне сәйкес келеді.
Жылуды қосу күндері туралы ақпаратты:
- Жеке кабинетте ukteplo.kz сайтында
- «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасында
- WhatsApp чатботында +7 747 942 35 56 нөмірі бойынша
- Telegram @UKTSbot чатботында көруге болады.
Бүгінгі күні жылу энергиясын есепке алу аспабы және дайындық актісі бар нысандар жылу беруге қосылған:
● Тұрғын үйлер (көп пәтерлі): 66
● Тұрғын үйлер (жеке сектор): 86
● Мектептер, балабақшалар және т. б. балалар мекемелері: 34
● Медициналық мекемелер: 17
● Әкімшілік және оларға теңестірілген нысандар: 29
● Әлеуметтік нысандар: 11 құрайды.


















