2024 жылғы 1 ақпаннан бастап жылу энергиясымен жабдықтау жөніңдегі қызметтерге тариф

26.01.2024

Құрметті тұтынушылар!

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ хабарлайды:
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 23.01.2024 жылғы № 19-НҚ бұйрығы негізінде 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін стратегиялық тауарлар – көмір және сатып алынатын жылу энергиясы бағасының өсуіне байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (бұдан әрі - ЖЭЕА) бар болуына немесе болмауына байланысты мынадай тарифтер бекітілді:
халыққа - 3683,57 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 2756,93 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда - 4420,28 теңге/Гкал;
бюджеттік ұйымдарға - 17215,00 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса -16750,88 теңге / Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 25822,50 теңге/Гкал;
басқа тұтынушыларға - 12730,11 теңге/Гкал, оның ішінде ЖЭЕА бар болса - 12610,84 теңге/Гкал, ЖЭЕА болмағанда – 16549,14 теңге/Гкал.

ҚҚС есептеу арқылы ЖЭЕА жоқ жеке тұлғалар үшін жылыту ақысы: 12 айға бөлумен – 88,74 тг/м2, 7 айға бөлумен – 152,12 тг/м2 құрайды. Ескі үйлерде тұратын тұтынушылар үшін 12 айға бөліп төлеу арқылы -73,95 тг/м2, 7 айға бөліп төлеу арқылы -126,77 теңге/м2.  

Жеке есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін ҚҚС-пен төлемақы мөлшері -861,43 тг/адам/ай, жеке есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 348,04 тг/м3.

Ескірген үйлерде тұратын және жеке есепке алу аспаптары жоқ тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін ҚҚС-пен төлемақы мөлшері – айына 717,85 тг/адам, жеке есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін-290,02 тг/м3.
Егер ЖЭЕА бар болса, әр есеп айырысу кезеңінде және әр үй үшін ыстық сумен жабдықтау және жылыту қызметтерінің құны әр түрлі болады және ол ЖЭЕА-ның нақты көрсеткіштеріне байланысты болады.