2020-2021жж. жылу беру маусымының аяқталуы туралы

26.04.2021

«Өскемен жылу жүйелері»  АҚ (бұдан әрі- «ӨК ЖЖ» АҚ) 2021 ж. 27-ші сәуірден бастап Өскемен қаласында жылу беру маусымы аяқталатын хабарлайды
Ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды талап етпейтін шектердегі сыртқы ауаның тұрақты жағымды орташа тәуліктік температурасының (+10 С° жоғары) қалыптасуына байланысты және Өскемен қаласы әкімі орынбасарының 26.04.2021 ж. ШН-4/336 хаты, «ӨЖЖ» АҚ-ның 26.04.2021 ж. № 248 бұйрығы негізінде «ӨЖЖ» АҚ жылу тұтыну нысандары үшін 2020-2021 жж. жылу беру маусымының аяқталуы туралы жариялайды.
2021 жылдың 27 сәуірінен бастап 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін «ӨЖЖ» АҚ тұтынушыларынан жылуды тұтыну жүйелерін өшіру жүргізілетін болады.
Өтінім бойынша «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС Жаңа Согра к. қосылған тұтынушыларға төмендетілген гидравликалық параметрлермен жылыту жүйелерін пайдалануға рұқсат етілсін:
          1) балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға, оның ішінде 24.05.2021 ж. дейін есепке алу аспаптары жоқтарға;
          2) меншіктеу формасынан тәуелсіз жылыту жүйесінде жылу энергиясының құралдары бар жеке және заңды тұлғаларға 24.05.2021 ж. дейін.
ҚР-да коронавирустық инфекцияға байланысты шектеу шараларының қолданылу кезеңінде өтініштер info.ukts@ukteplo.kz электрондық түрде email бойынша қабылданады.
Өтініште тұтынушы міндетті түрде қосымша «жылыту жүйесінің төмендетілген гидравликалық параметрлермен жұмыс істеуіне келісемін» деп қосымша жазуы керек.
Сұрақтарыңызды кәсіпорынның инстаграмдағы @ukts_info парақшасында қоюға болады.