2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтерді төмендету

08.02.2019

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 7 қарашадағы Қауіпсіздік кеңесінің хаттамасына сәйкес 2019 жылғы қаңтардан бастап жылу энергиясына тарифтер төмендетілді.

ШҚО бойынша ТМРАКД 30.11.2018 ж. № 284-НҚ бұйрығына сәйкес 2018 жылдың бекітілген тарифіне сәйкес тұрғындардың тарифі 3,4% - ға төмендеді.
Сонымен қатар, 2019 жылдың бекітілген деңгейіне сәйкес тұрғындардың тарифінің төмендеуі 5,63% құрады.
Бұдан басқа, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін өзге тұтынушылар үшін тарифтердің шекті деңгейі 2018 жылғы деңгейде қалды (2018 жылғы 7 желтоқсандағы ТМРАКД 286-НҚ бұйрығына сәйкес), бұл 2019 жылғы бекітілген тарифтен 2,4% - ға төмен.
Тұтынушылардың топтары бойынша нақты ақпарат "тарифтер" бөлімінде ұсынылған.