Жаңалықтар

29.03.2021

         «Өскемен жылу жүйелері» АҚ 2021 жылғы 27 сәуірде сағат 15:00-де, мына мекен-жай бойынша: ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61 үй, 201 каб. «ШҚО, Өскемен қаласы, «ӨЖЖ» АҚ № 2 қазандығының күл үйіндісін кеңейту» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

26.03.2021

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі-«ӨЖЖ» АҚ) тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2021 жылдың 29 наурызынан бастап «ӨЖЖ» АҚ Қазыбек би даңғылы, 1/2 мекен - жайы бойынша өз жұмысын қайта бастайтынын хабарлайды. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері 8:00-ден 17:00 - ге дейін, түскі үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін.

28.01.2021

Өскемен қаласының тұрғындары үшін 2020 жылға отын құрамы бойынша қайта есептеу

26.01.2021

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы хабарлайды:
 ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінің (ШҚО бойынша ТМРКД) 26.01.2021 ж. № 13 - НҚ бұйрығы негізінде 2021 жылғы 01 ақпаннан бастап 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін стратегиялық тауарларға (жылу энергиясына және көмірге) бағалардың өсуіне байланысты бюджеттік ұйымдарға жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (бұдан әрі – ЖҮЕА) болуына немесе болмауына байланысты жылу энергиясына (ҚҚС-сыз) мынадай тарифтер бекітілді):
 - ЖҮЕА жоқ - 14 554,77 теңге/Гкал деңгейінде;
- ЖҮЕА орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ ескі үй-жайларда орналасқан - 9 703,18 теңге/Гкал;
- ЖҮЕА бар - 9 662,10 теңге / Гкал.

Басқа тұтынушылар – тұрғындар және заңды тұлғалар үшін тарифтер өзгеріссіз қалды.

26.01.2021
ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 23 қаулысына, ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2020 жылғы 29 қазандағы № 23-1 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 1 қарашадан бастап ШҚО аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өміріне ерекше жағдай жасалған шектеу шаралары енгізілді.
ШҚО БОЙЫНША КАРАНТИНДІК ШАРАЛАРДЫҢ КҮШЕЮІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СІЗДЕРДЕН «ӨСКЕМЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ» АҚ-ның ДЕРБЕС ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖӘНЕ БАСҚА БӨЛІМДЕРГЕ БАРУДАН БАС ТАРТУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ.
Сізге қашықтықтан қызмет көрсетуді, атап айтқанда:
• «УК ТС Личный кабинет» мобильді косымшасын;
• www.ukteplo.kz сайтын;
• сall-орталықты 560-566 (8.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі, жексенбі-демалыс күндері);
• тәулік бойы дауыс поштасын 560-900;
• info.ukts@ukteplo.kz электрондық поштасын;
• +7 777 535 52 69 немесе +7 702 224 24 80 нөмірлері бойынша СМС-хабарламаны 
пайдалануыңызды ұсынамыз.
- Техникалық мәселелер бойынша өтінімдерді www.ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы беруге болады;
- Жылу энергиясы үшін бухгалтерлік құжаттарды алу мәселелері бойынша 203@ukteplo.kz электрондық мекен- жайға жазуға болады;
- Жылу энергиясы үшін төлемді төлем терминалдары, банктік мобильді қосымшалар, банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері арқылы жүргізуге болады.

ДЕРБЕС ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА БАРУ ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, СІЗДЕН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКАДА БОЛУЫҢЫЗДЫ, 2 МЕТРДЕН КЕМ ЕМЕС ҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТАУЫҢЫЗДЫ, КІРГЕН КЕЗДЕ ҚОЛЫҢЫЗДЫ АНТИСЕПТИКПЕН ЗАРАСЫЗДАНДЫРУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ!
ЖҰМЫС КЕСТЕСІ: 8.00-ДЕН 17.00-ГЕ ДЕЙІН, СЕНБІ- 9:00-ДЕН 14:00-ГЕ ДЕЙІН, ЖЕКСЕНБІ-ДЕМАЛЫС КҮНІ
14.01.2021
Құрметті тұтынушылар! @UKTSbot есептеу құралдарының көрсеткіштерін беруге арналған Телеграм-бот
05.01.2021

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде пәтердегі ішкі ауаның төмен температурасы жайлы жарияланымдар саны артып отыр. Жуық мерзімге ауа райының болжамы да қуанарлықтай емес.
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ы (әрі қарай «Ө ЖЖ» АҚ) тұрғындардың назарын келесі ақпаратқа аударады: