"Үздік ПИК және ЖІК" байқауының қорытындысы

21.05.2020

Іріктеудің өлшемдері мынадай болып табылады:
1. Белгіленген мерзімде 2018-2019 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық бойынша жұмыстың толық көлемде атқару.
2. "ӨЖЖ" АҚ берілген техникалық талаптарына сәйкес барлық ескертулерді жою.
3. Техникалық ынтымақтастық туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау.
4. 2018-2019 ж.ж. жылыту маусымынан тұрғындардың шағымынсыз өту.

Биылғы жылы келесі кооперативтер ұжымдары үздік атанды:
1. ПКСК «ВИНОГРАДОВА 20»
2. ПКСК «Берёзка»
3. ПКСК «УДАЧА»
4. ПКСК «РУБИС»
5. КСК «МЕТАЛЛУРГ-1»
6. КСК «Зекаил»
7. КСК «Айтумар Сервис»
8. КСК «УЛЬБА-43»
9. КСК. «ЭЛИТА»
10. КСК «ВОСТОК-39»
11. КДМ «Октябрьская, 111»
12. КДМ «Казахстан, 99/1»
13. КДМ «Казахстан, 85»
14. КДМ «Мызы 43»
15. КДМ «Бурова 27»

Бұл ПИК және ЖІК 2016 жылдағыдай «Сенімді қарым-қатынас» атты сертификаттарын алады. Сертификат 2018-2019 жж. жылу беру маусымына дайындық бойынша жұмыстардың мынадай түрлерін "ӨЖЖ" АҚ инспектор-бақылаушысының ҚАТЫСУЫНСЫЗ жүргізуге құқық береді:
1. Үй ішіндегі жылыту жүйесін (ҮЖЖ) және ыстық сумен қамту (ЫСҚ) жүйесін шаю;
2.ҮЖЖ мен ЫСҚ механикалық беріктікке және гидравликалық тығыздыққа сынау;
3. ҮЖЖ мен ЫСҚ реттеу мүмкіндігін тексеру.

Жауапты тұлға жұмыс тәртібімен орындалған жұмыстар бойынша ақпаратты бақылаушы – инспекторға ауызша түрде бере алады, ол көп пәтерлі тұрғын үй бойынша жылыту маусымына дайындық пайызын анықтау үшін «Үйлердің дайындығы» бағдарламасына енгізіледі. Жауапты тұлғалар орындалған жұмыстарға актілерді толтырады, олар кейіннен техникалық дайындық актісіне 01.09.20 ж.кешіктірмей қоса беріледі. Актінің формалары www.ukteplo.kz сайтында немесе бақылаушы-инспекторда болады.
Сертификаттар "ӨЖЖ" АҚ жылу беру маусымына дайындық бойынша апта сайынғы кеңестерінде кооперативтер өкілдеріне табысталатын болады.