"Үздік ПИК және ЖІК" байқауының қорытындысы

30.06.2017

2013 жылдан бастап   "ӨЖЖ" АҚ ПИК және ЖІК арасында өз ісінің үздігі атағына байқау өткізіп келеді  Іріктеудің өлшемдері болып табылады:

1. Белгіленген мерзімде жылу беру маусымына дайындық бойынша жұмыстың толық көлемін атқару.

2. "ӨЖЖ" АҚ берілген техникалық талаптарына сәйкес барлық ескертулерді жою.   

3. техникалық ынтымақтастық туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау.

4. Жылыту маусымынан тұрғындардың шағымынсыз өту.

Биылғы жылы келесі кооперативтер  ұжымдары үздік атанды:

1. ПИК "КОНТАКТ";

2. ПИК "Зекаил";

3. ПИК "Маркаколь ВК";

4. ЖІК "Островский к-сі 58, 60";

5. ПИК "БЕРЕЗКА";

6. ПИК "Крылов  106";

7. ПКСК "Пролетарская 89";

8. ПИК "Удача";

9. ПИК "Рубис";

10. ЖІК "Қазақстан 99/1";

11. ЖІК "Қазақстан 85";

12. ПИК "Добролюбов - 34";

13. ЖІК "Дзержинский 18";

14. ПИК "Восток - 39"

15. ПИК "Элита".

Бұл ПИК және ЖІК  2016 жылдағыдай «Сенімді қарым-қатынас» атты сертификаттарын алады.    Сертификат 2017-2018 жж. жылу беру маусымына дайындық бойынша жұмыстардың мынадай түрлерін    "ӨЖЖ" АҚ инспектор-бақылаушысының ҚАТЫСУЫНСЫЗ жүргізуге құқық береді:

1. Үй ішіндегі жылыту жүйесін (ҮЖЖ) және ыстық сумен қамту (ЫСҚ) жүйесін шаю;

2.ҮЖЖ мен ЫСҚ механикалық беріктікке және гидравликалық тығыздыққа сынау;

3. ҮЖЖ мен ЫСҚ реттеу мүмкіндігін тексеру.

 Сертификаттар "ӨЖЖ" АҚ  жылу беру маусымына дайындық бойынша апта сайынғы кеңестерінде кооперативтер өкілдеріне табысталатын болады. Айта кетейік, жылу беру маусымына дайындық бойынша штаб басталды, алғашқы кездесу 8 маусымда қала әкімдігінде өтті. Барлық кейінгі кездесулер Жылу жүйелерінің конференц-залында Горький көшесі,61 мекен жайы бойынша («Өскемен қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ нақтылауға болады) өтетін болады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және бұл байқау жалғасуда екенін хабарлауға асығамыз.

Барлық байқауға қатысушылардың еңбектеріне табыс тілейміз!