«Өскемен Жылу Жүйелері» АҚ «Бұқаралық спортты дамыту орталығы» КММ, барлық ПИK, KДM бірлесіп әрекет ету тәртібі туралы

22.05.2018

«Өскемен Жылу Жүйелері» АҚ (әрі қарай- «ӨЖЖ»АҚ) жаз маусымындағы жылу жүйелерін жөндеу жұмыстарына байланысты жоспарлы өшіру кезіндегі ұсынылған қызметтің сәйкессіздігі мәселелері туралы ақпарат берудің тәртібін хабарлайды:
- «ӨЖЖ» АҚ жылу жүйелерінің жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы ПИК, КДМ телефонхат келіп түскенде кіреберістерге хабарландыру ілу жолымен жылу жүйелерінің жөндеу жұмыстарының мерзімі туралы тұрғындарды хабарландыру жасау ұсынылады, сонымен қатар, ЫСЖ бір құбырда қалатынын және ыстық сумен қамту қызметін пайдалану төмендетілген параметрлерде мүмкін екенін (егер телефонхатта көрсетілген болса) хабарлау қажет.
- егер тұрғындар осы кезеңде тұйық жүйені пайдаланғысы келмесе, «ӨЖЖ» АҚ КДМ және ПИК өкілдеріне диспетчерлік қызметтің 61-86-52 немесе 70-19-47 телефон нөмірі бойынша телефонхат жолдап, Сіздің учаскеңіздегі магистральды және кварталды жылу жүйелерінің 2018-2019 ж.ж. жылу беру кезеңіне дайындық бойынша жөндеу жұмыстары кезеңінде үйлерде ыстық суды толық өшіруге хабарлауы тиіс. Үйлерге ыстық суды беру күні «ӨЖЖ» АҚ телефонхатында көрсетілген жөндеу жұмыстарында көрсетілген мерзіміне сәйкес учаскедегі жылу жүйелерінің жөндеу жұмыстарының аяқталу күні болып саналады.