«Өскемен жылу жүйелер » АҚ ЖМК шағын ауданында тұтынушыларға қызмет көрсетуге қосымша орынның ашылуы туралы

15.03.2018

Сол жағалау ауданының жылу жүйелерінің тұтынушыларына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында (ЖМК, Куленов а., Үлбі а., 19 тұрғын шағынауданы) Өтепов к-сі, 7 «Қазпошта» АҚ ғимаратында жылумен қамту сұрақтары бойынша қызмет көрсетуге қосымша орын ашылды. Күнделікті дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, Сіздер есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін, төлем сомасын, бақылаушыны/инспектор шақыруға өтінім, жылумен жабдықтауға жеке шартты жасауға және коммуналдық қыметтерге төлем жүргізе аласыздар!