Жарқын мейірімді Наурыз мерекесінде Сізің барлық армандарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталсын! Сізге және Сіздің отбасыңызға бейбітшілік, береке, қуаныш және сәттілік тілеймін!
Сіздерге Мереке күндері М.Горький к-сі. 61, орналасқан Дербес қызмет көрсету орталығы және Call-орталығы 700-202 тел. 2019 жылғы наурыздың 25-і күні жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Сонымен қатар қосымша ТӘУЛІК БОЙЫ 560-900 және «Личный кабинет УК ТС» мобильдік қосымшаның қызмет ететіндігін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы Сіз есептеу аспабының (ыстық судың есептегіші бойынша) көрсеткіштерін бере аласыз, алдын ала есептеуді ала аласыз!
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні - көктемнің нәзік мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Ару көктеммен ілесе келетін мереке-табиғаттың жаңарып, адамзат баласының қарым-қатынасы мейірленіп, жарқын болашаққа жаңа құтты қадамдар мен асқақ армандар белең алатын кезең!
Сіздердің әрбір атқан таңдарыңыз арайлы, айналаңыз шексіз махаббат пен мейірімге толы болып, ал Сіздердің құрметтеріңізге гүлдер жайнап және әуендер ойнасын! Әрқашан армандарыңыз биік әрі үмітке толы болсын!
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ Сіздерге шынайы бақыт және сәттілік, зор денсаулық, барлық арман тілектеріңіздің орындалуын тілейді! Сіздердің үйлерініңізде әрқашан береке-бірлік, келісім және молшылық орын алсын!
Сіздерге Мереке күндері М.Горький к-сі. 61, орналасқан Дербес қызмет көрсету орталығы және Call-орталығы 700-202 тел. 2019 жылғы наурыздың 9-зы және 23-ші күндері жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Сонымен қатар қосымша ТӘУЛІК БОЙЫ 560-900 және «Личный кабинет УК ТС» мобильдік қосымшаның қызмет ететіндігін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы Сіз есептеу аспабының (ыстық судың есептегіші бойынша) көрсеткіштерін бере аласыз, алдын ала есептеуді ала аласыз!
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ тұтынушыларға 2019 жылғы 12 ақпаннан бастап, «Қазпошта» АҚ қызметкерлері «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылумен жабдықтау қызметі бойынша тармағы қосылған бірыңғай төлем құжатын таратуды басталғанын хабарлайды.
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылумен жабдықтау қызметі бойынша бірыңғай төлем құжатында көрсетілген тұтынушылардың дербес шоты бойынша бұрынғы бар тәсілдермен әріқарай төлем жүргізуге болатындығын, ал бірыңғай төлем құжатында көрсетілген дербес шоты бойынша төлемді "Қазпошта» АҚ арқылы төлем жүргізілетіндігін хабарлайды.
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 7 қарашадағы Қауіпсіздік кеңесінің хаттамасына сәйкес 2019 жылғы қаңтардан бастап жылу энергиясына тарифтер төмендетілді.
Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 599 бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы желтоқсан айында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «ӨЖЖ» АҚ) 2018 жылғы күнтізбелік жылға, жылу энергиясын есептеу аспабы жоқ қала тұрғындарына, көрсетілетін қызметтердің құнына қайта есептеу жүргізді.
Ескі үйлерде тұратын тұтынушылар үшін:
Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу 2018 жылға пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метіріне 14 теңгені құрайды.
ЖҮЕА жоқ үйлерде тұратын тұтынушылар үшін:
Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу 2018 жылға пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метіріне 16,8 теңгені құрайды.
Қайта есептеудің жалпы құны пәтердің ауданына байланысты. Бұндай қайта есептеулерді «ӨЖЖ» АҚ күнтізбелік жыл аяқталғанда жыл сайын жүргізеді. Қайта есептеу құны 2018 жылғы желтоқсан айының есеп айыру парағының «Қайта есептеу» бағанында көрсетілген.
«ӨЖЖ» АҚ-на сыртқы ауаның нақты температурасын ШҚО бойынша «Қазгидромет» РМК ұсынады.
Тұтынушылардың назарына ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің 30.11.2018 ж., № 284-НҚ және 07.12.2018 ж. 286-НҚ бұйрықтары негізінде 2019 ж. 1-ші қаңтардан бастап төтенше реттеуші шаралар ретінде жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау бойынша қызметтердің тарифтері келесі деңгейдң төмендегені туралы жеткізеді: тұрғындар үшін – 3018,12 теңге Гкал (ҚҚС-сыз), өзге тұтынушылар үшін– 6543,18 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).
Департаменттің 14.12.2018 ж., № 302-НҚ Бұйрығы негізінде жылу энергиясын есепке алу аспаптарының (ЖҮЕА) болуы немесе болмауына байланысты ҚҚС-сыз прейскурантының бекітілгенін жеткізеді:
ЖҮЕА жоқ тұрғындар үшін - 3 621,74 тг/Гкал, ЖҮЕА бар - 1822,82 тг/Гкал, ескі үйлерде тұратындарға - 3018,12 тг/Гкал;
ЖҮЕА жоқ бюджеттік ұйымдар үшін - 9 814,77 тг/Гкал ; ЖҮЕА бар – 5 798,45 тг/Гкал, ескі үйлерде тұратындарға - 6 543,18 тг/Гкал;
ЖҮЕА жоқ басқа тұтынушылар үшін - 9 814,77 тг/Гкал; ЖҮЕА бар – 5 825,90 тг/Гкал, ескі үйлерде тұратындарға - 6 543,18 тг/Гкал.
ЖҮЕА жоқ жеке тұлғалар үшін жылуға ақы төлеу, ҚҚС есебімен құрайды: 12 айға бөле отырып – 71,15 тг/м2, 7-айға бөле отырып – 121,97 тг/м2. Ескі үйлерде тұратын тұтынушылар үшін 12 айға бөле отырып – 59,29 тг/м2, 7-айға бөле отырып – 101,64 тг/м2.
Жеке үйдің есептеу аспабы жоқ жеке тұлғалар үшін ыстық сумен жабдықтау үшін ақы төлеу, ҚҚС есебімен құрайды – 705,80 тг/адам/ай, жеке есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 285,16 тг/м3.
Ескі үйлерде тұратын және жеке есепке алу аспаптары жоқ тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтау бойынша қызмет көрсеткені үшін төлем мөлшері, ҚҚС есебімен - 588,17 тг/адам/ай, жеке есептеу аспаптары бар тұрғындар үшін – 237,63 тг/м3.
ЖҮЕА болған жағдайда ыстық сумен жабдықтау және жылыту бойынша қызмет көрсету құны әр кезеңде және әр үйде әр түрлі және ЖҮЕА нақты көрсеткіштеріне байланысты болады.