Құрметті тұтынушылар!

16.09.2024

Құрметті тұтынушылар!

Сыртқы ауа температурасының төмендеуіне және 2024 – 2025 жж. жылу беру маусымының жақындауына байланысты 2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап «Шығыс Жылу» АҚ жылу беру маусымының ресми басталуына дейін жылыту жүйесін төмендетілген өлшемдермен қосуға арналған өтініштерді қабылдай бастады. Жылу беруге қосылудың бұл мүмкіндігі тек «Өскемен ЖЭО» ЖШС-ның жылу көзіне қосылған тұтынушыларға ғана беріледі.
Үйді жылыту жүйесіне төмен өлшемдермен қосу үшін Сізге төмендегі әрекеттерді орындау қажет:
1. Жылуға қосылу мүмкіндігіне қойылатын талаптарды жүзеге асыру керек, атап айтқанда:
А) көппәтерлі тұрғын үйдің тұтынушылары үшін:
- Жұмыс істейтін жалпыүйлік есепке алу аспабының болуы
Б) жеке тұрғын үйлерде тұратын тұтынушылар үшін:
- Қарыздың болмауы (1 ай мерзімінен аспайтын қарыз);
- Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттың болуы;
- Жұмыс істейтін жылу есептегіштің болуы;
- Жылу есептегішті нөлдеу процедурасы.
В) заңды тұлғалар үшін:
- Қарыздың болмауы (1 ай мерзімінен аспайтын қарыз);
- Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттың болуы;
- Жұмыс істейтін жылу есептегіштің болуы;
2. Нысанның техникалық дайындығы бойынша талаптарды орындау.
3. Жылыту жүйесінің төмен гидравликалық өлшемдермен жұмыс істеуіне, белгіленген үлгідегі өтінішті толтыру:
А) Көппәтерлі тұрғын үйдің тұтынушылары үшін – ПИК/МИБ/ҚС төрағасының қолы және мөрі (ПИК, ҚС үшін – бар болса ғана, МИБ үшін – міндетті түрде).
Б) Заңды тұлғалар үшін:
– ЖШС, АҚ меншік нысаны үшін – мөрі бар фирмалық бланкіде (бар болса);
- Мемлекеттік мекемелер үшін – мөрі бар фирмалық бланкіде;
- Қалғандары үшін – бар болса мөрімен бірге.

МАҢЫЗДЫ! Бірнеше тұтынушылар бір жылу торабына (жеке үйлер мен заңды тұлғалар) орналасқан жағдайда әрбір иеленуші/ұйым өтініш жазуы тиіс.

Жылыту жүйесін қосуға өтініш беру тәсілдері:
1. Қашықтықтан Кәсіпорынның ukheatnets@ukteplo.kz электрондық поштасына өтініш жолдау;
2. Call орталығының 560-566 телефонына қоңырау шалу;
3. Жеке сектор тұтынушысының нысанында өтініш жазу;
4. «Шығыс Жылу» АҚ дербес қызмет көрсету орталықтарында өтініш жазу.

Тұтынушының барлық талаптарды сақтау әрекеттерін тексергеннен кейін «Шығыс Жылу» АҚ қызметкері жылу жүйесін қосуға өтінімді ресімдейді және бұл туралы тұтынушыға хабарлайды.

Төмендетілген параметрлерге келісіммен қосылуға өтініш