22.01.2019
Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу және қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 599 бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы желтоқсан айында «Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі – «ӨЖЖ» АҚ) 2018 жылғы күнтізбелік жылға, жылу энергиясын есептеу аспабы жоқ қала тұрғындарына, көрсетілетін қызметтердің құнына қайта есептеу жүргізді.
Ескі үйлерде тұратын тұтынушылар үшін:
Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу 2018 жылға пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метіріне 14 теңгені құрайды.
ЖҮЕА жоқ үйлерде тұратын тұтынушылар үшін:
Сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеу 2018 жылға пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метіріне 16,8 теңгені құрайды.
Қайта есептеудің жалпы құны пәтердің ауданына байланысты. Бұндай қайта есептеулерді «ӨЖЖ» АҚ күнтізбелік жыл аяқталғанда жыл сайын жүргізеді. Қайта есептеу құны 2018 жылғы желтоқсан айының есеп айыру парағының «Қайта есептеу» бағанында көрсетілген.
«ӨЖЖ» АҚ-на сыртқы ауаның нақты температурасын ШҚО бойынша «Қазгидромет» РМК ұсынады.