"Шығыс Жылу" акционерлік қоғамының Риддер қаласындағы филиалы

Құрметті жылу энергиясын тұтынушылар!

     «Шығыс Жылу» АҚ Риддер қаласындағы филиалы Сізге ыңғайлы болу үшін жылумен жабдықтау (жылыту және ыстық су) қызметі бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету форматында цифрлық сервистер жұмыс істейтінін хабарлайды, мұнда:

·        есептеу аспаптарының/су есептегіштердің көрсеткіштерін беруге;

·        төлем сомасын білуге;

·        салыстыру актісін/есеп айырысу парағын жүктеп алуға;

·        есептеу аспаптарын/су есептегіштерін тексеру туралы ақпарат алуға;

·        тарифтер туралы ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар.

 

ӨЗІҢІЗГЕ ЫҢҒАЙЛЫ САНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАҢДАҢЫЗ:

·        Play Market және App Store-да жүктеуге болатын «Шығыс Жылу» мобильді қосымшасын;

·        ukteplo.kz сайтынан жеке кабинет;   

·        WhatsApp +7 747 427 40 22 Чат-боты;

·        Telegram uktsbot Чат-боты.

 

     Көрсеткіштерді ай сайын беру қажет екендігіне назарыңызды аударамыз!

Сіз өзіңіздің жеке шотыңызды ukteplo.kz сайтындағы тұтынушылар / есепшот туралы ақпарат қойындысында (бұдан әрі Риддер қ. таңдаңыз) біле аласыз.   

Бізді Instagram-да @ridder_teplo-дан таба аласыз. Парақшамызға жазылыңыз және қалаңыздағы жылу туралы барлық жаңалықтардан хабардар болыңыз!


Жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсетуге шарт жасасу ОНЛАЙН түрде!

Құрметті Риддер қаласының тұтынушылары!

Сіз үшін үйден шықпай-ақ жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсетуге шарт жасасудың бірегей мүмкіндігі пайда болды! https://edoc.ukteplo.kz сілтемесі арқылы өтіп, жаңа қызметті пайдаланыңыз.

Қызметті алу үрдісі бірнеше қарапайым қадамдардан тұрады:

1. https://edoc.ukteplo.kz сілтемесі арқылы Коммуналдық қызметтер орталығының порталына өту;

2. «Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерде тұратын жеке тұлғаларға (Риддер қаласының тұрғындары үшін) жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсетуге шарт жасасу» батырмасын басу арқылы қалай өтінім беру керек екені жөніндегі ақпаратпен алдын ала танысу;

3. ЭЦҚ кілті немесе egov.mobile мобильдік қосымшасы арқылы авторизацияланып, қызметке тапсырыс беру;

4. Өтінімді рәсімдеу.

Шарт жасалғаннан кейін Сіздің құжатыңыз басып шығаруға дайын түрде электрондық нұсқада дайындалады.

"Шығыс Жылу" АҚ Риддер қаласындағы филиалы ұсынатын жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және пайдалану жөніндегі қызметтерге арналған босатылатын тарифтер прейскуранты