Жылыту кезеңінің аяқталуы, жылуды тұтыну жүйелерінде энергиямен жабдықтау ұйымымен орнатылған пломбалардың сақталу жауапкершілігі

Біздің өңірде, атап айтқанда Өскемен қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлері мен әртүрлі мақсаттағы басқа да ғимараттарды жылумен қамтамасыз етпеу мүмкін емес. Дербес жылытудың көптеген баламалы түрлерінің болуына қарамастан орталықтан жылумен қамтамасыз ету жылдың суық мезгілінде қолайлы температураны ұстап тұрудың негізгі әдісі болып қалады. Сондықтан жылыту кезеңінің басталу және аяқталу уақыты маңызды болып қалады, оған қоса жылуды әртүрлі уақытта жібереді және өшіреді.
Ертеректе, жылдың суық мезгілдерінде үйлер пештермен жылытылатын, сондықтан жылыту кезеңі қай уақытта басталатыны немесе аяқталатыны туралы мәселе ешкімді толғандырмайтын. Қазіргі уақытта жылыту кезеңі жылытуды іске қосқан күннен бастап басталуы, және де жылытуды өшірген күннен бастап аяқталуы тиіс. Әдетте жылыту кезеңі көптеген ғимараттар үшін қазан айында басталып сәуір айының аяғына дейін созылады.
Жылу көп пәтерлі тұрғын үйлерге құбыржолдар арқылы ғимараттың жылуды тұтыну жүйелеріне келетін ыстық судың жылу тасығышы көмегімен жіберіледі.
Орталықтан жылыту келесі түрде жүзеге асырылады:
1.     Қаланың ең ірі жылу көзі «Өскемен ЖЭО» ЖШС және ұсақ қала қазандықтарынан үйлерге құбыржолдары салынған және ендігісі үйлерде басқарудың жылу торабынан көбінесе үй астындағы жайлар бойымен әрі қарай пәтерлерге таралады.    
2.     Жылу тасығышты жеткізу үшін құбыржолдарының тармақталған жүйесі қарастырылған, олар екі қатарда салынған. Құбыржоладының біреуі арқылы пәтерлерге жылу тасығыш жіберіледі, ал екіншісі арқылы кері қайтады.
3.     Пәтерлерде жылу құбыржолдар арқылы орталықтан жылытудың жылыту қондырғыларына жеткізіледі.
Жылыту кезеңінің басталуы мен аяқталуы туралы мәселе Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органмен қабылданады. Жылуды тұтыну жүйелерін қосу нысаналардың және жүйелердің жылу тасығышты қабылдауға толық техникалық даярлығы кезінде жүргізіледі. Жылытуды өшіру жылыту кезеңінің аяқталуы туралы шешім қабылданған кезде орындалады.
Жылыту кезеңінің аяқталуы – бұл да толғандыратын маңызды кезең.
      3 тәулік бойы сыртқы ауаның орташатәуліктік температурасы плюс 10 градусты құраған кезде және сыртқы ауаның температурасының нормативті-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды жылытуды талап етпейтін аралықта одан әрі тұрақты жоғарылауы болжанса, жергілікті атқарушы орган «Өскемен жылу жүйелері» АҚ (бұдан әрі «ӨК ЖЖ» АҚ) тиесілі жылу жүйелеріне қосылған Өскемен қаласының нысаналарында жылыту кезеңінің аяқталуы туралы шешім қабылдайды.
Жылыту кезеңінің соңын алдын ала болжау мүмкін емес, өйткені суықтың қанша мерзімге созылатыны беймәлім. Ал егер, мысалы ақпан айында күн жылынса, онда жылуды өшірмейді, өйткені суық күндердің қайтып келетіні түсінікті, және де жылуды қайта беру қиынға соғады. Егер жылы ауа-райы болса, онда жылу тасығыштың температурасы температуралық кестеге сәйкес беріледі және минимумға дейін азайтылады.
Нысаналарды жылу беруден өшіруді жүргізу кезінде әрекет ету тәртібі мен кезектілігі жылуды қосу кезіндегіге кері болуы тиіс. Яғни, алдымен жылуды көп пәтерлі тұрғын үйлерде, одан кейін медицина, мектеп және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде өшіреді. Бұл түсінікті жайт.
Жылыту кезеңі аяқталысымен нысаналардың жылыту жүйелерін өшіру жылу беру маусымы аяқталуы туралы Бұйрықтың әрекет ету кезеңінде өшіру кестесіне сәйкес орындалады. Әдеттегідей, бұл 4-5 күндер аралығында іске асырылады. «ӨК ЖЭО» ЖШС және №2 Қазандық үшін орталықтан жылумен қамтамасыз етуден жылыту жүйелерін өшіру кестесі күн сайын жылу көзінен жылу жүктемесінің бірқалыпты төмендету жағдайлары кезінде құрастырылады.
№3, 4, 6, 7, 9 Қазандықтарына қосылған тұтынушылардың жылуын өшіру жылыту кезеңінің аяқталуы туралы Бұйрықты хабарлағаннан кейін жүргізіледі.
Жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ құралымен жабдықталған көп пәтерлі тұрғын үйлер орталықтан жылумен қамтамасыз етуді өшіру үшін тұтынушылардың бөлек санаты болып табылады. Есептеу құралы болған кезде жылу шаруашылығына жауапты тұлға мен тұрғындардың жылыту кезеңінің ұзақтығын реттеу, яғни жылыту кезеңінің аяқталуы туралы Бұйрықты хабарлағаннан кейін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу жүйесін өшіру мүмкіншілігі бар.
Жеке жылулық пункте (бұдан әрі ЖЖП) (басқарудың жылу тораптарында) жылытуды тікелей өшіру кезінде жылуды қосу кезіндегі әрекет ету тәртібіне кері тәртіпті ұстану қажет. Яғни, алдымен жеткізуші құбыржолындағы, одан кейін кері құбыржолында үй ішіндегі ілмекті арматура өшіріліп жабылады. Үй ішіндегі ілмекті арматура – бұл құбыржолындағы тікелей ғимаратқа немесе ғимараттан шығатын ілмекті арматура. Жеткізуші құбыржолында – бұл, әдеттегідей, элеватордан немесе араластыру торабынан кейін, құбыржолында ЖЖП соңғы, тікелей ғимарат бойынша жылытуды ажырату алдында. Кері құбыржолында – жылытудың ішкі жүйесінің ЖЖП ғимараттан келетін құбыржолдағы алғашқы ілмекті арматура. Сонымен, осы ілмекті арматураны жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін жабу қажет (1, 2-суреттерді қараңыз). Жүйе желі суымен толтырылып қалуы тиіс. Бұл жүйе құбыржолдарының ауаға толуын болдырмау және тат басу процесін азайту мақсатында жасалынды. Аталмыш іс-шаралар нысаналарда балансты тиістілігі мен пайдалану жауапкершілігі шекараларында жылу шаруашылығына жаупты қызметкермен жүргізіледі. 
1-сурет – Есептеуіш құралы жоқ ЫСҚ тұйық сызбасы бар басқарудың жылу торабы

12.jpg


2-сурет – Есептеуіш құралы жоқ ЫСҚ циркуляциялық сызбасы бар басқарудың жылу торабы

13.jpg

ЖЖП техникалық іс-шараларды жүргізгеннен кейін «ӨК ЖЖ» АҚ энергиямен жабдықтау ұйымының өкілімен жылу шаруашылығыны жауапты тұлға ретінде тұтынушының өкілінің қатысуымен екі жақты құжат – өшіру актісі   жасалынады, актіде өшіру күні, жылу тұтынудың өшірілген жүйелер түрлері және жазғы маусымда іске қосылып қалдырылған жүйелер, ілмекті арматурада орнатылған сақтығына тұтынушы жауап беретін пломбалар саны мен орны және пломбалар бедерлемелері сияқты маңызды тұстар көрсетілген. Айтылмыш құжат жылу энергиясын тұтыну ақысын есептеумен айналыстаны коммерциялық бөлімде мәліметтерді одан әрі өңдеуге арналған негіз болып табылады.

Өшіру рәсіміне сәйкес «ӨК ЖЖ» АҚ қосу актісін рәсімдегенге дейін жылу тұтынудың өшірілген жүйелері үшін жылу энергиясын пайдалануға тыйым орнатылады. Техникалық даярлық актісі, қосу актісі болмаған кезде, сонымен қатар тұтынушылардың пайдалану жауапкершілігі мен балансты тиістілігі шекараларындағы ілмекті арматураның жарамсыздық, толықсыздық салдарынан, «ӨК ЖЖ» АҚ пломбаларды сақатауға қабылдаудан бас тарту салдарынан, пломбаларды орнату үшін «ӨК ЖЖ» АҚ өкілін басқару торабына (жылу жүйесін қосуға) жібермеу салдарынан, «ӨК ЖЖ» АҚ өкілінің келуіне қарай тұтынушы ілмекті арматурасын жабу бойынша жұмыстарды орындамау салдарынан жылу энергиясын пайдалану өз бетімен пайдалау болып саналады және жылу энергиясы шектеулі түрде беріледі.
2018-2019 жыдардағы жылыту кезеңінің аяқталуына байланысты тұтынушыға қысқа мерзімде оған тиесілі жылу жүйелеріндегі және пломбасы бар элеватордың сору желісінде (Өскемен қаласында жиі кездесетін элеваторлық қосылуы бар жылу тораптары үшін) орнатылатын тесігінің диаметірі d=2,5мм болатын дроссельді шайбаны орната отыра ЫСҚ іске қосылған тұйық жүйесіндегі жылу тасығыштың циркуляциялық шығынын азайту ұсынылады. Тұтынушы шектеулерді орындамаған жағдайда қосымша хабарландырусыз шектеулер «ӨК ЖЖ» АҚ Т2=46,0 град мәніне дейін жылу жүйесіне кері қайтарылатын жылу тасығыштың температурасын төмендетуді қамтамасыз ететін шамаға тоқсандық жылу жүйесінде шығындарды азайту арқылы орындалады. Пломбаларды «ӨК ЖЖ» АҚ рұқсатынсыз шешуге тыйым салынады. Ыстық сумен қамтамасыз етудің циркуляциялық жүйесі бар көп пәтерлі тұрғын үйлерде циркуляция жүйе арқылы жүргізіледі, ал элеваторлы тораптың араластыру желісі мықтап жабылады.
Сонымен, басқару торабында ілмекті арматура өшірілді, құбыржолдары жабылды, жылыту жүйесі өшірілді. Ары қарай ЖЖП манометрлерді шешкен дұрыс, өйткені манометрлерді әр жыл сайын тексеруден өткізу қажет, және де бұл тиесілі органдарда (стандартизация мен метрология орталығы) жасалуы тиіс, егер манометрлер жарамды болса оған белгі қойылуы тиіс. 
Жалпы, осы жерде жылуды өшіру бойынша іс-шаралар аяқталды деп есептеуге болады. Бұдан әрі келер жылыту кезеңіне дайындық бойынша іс-шараларды бастау керек.