Ғимараттың жылу контуры, оның санитарлық нормалар аралығында ішкі ауа температурасын ұстап тұруды орнатуға арналған мәні.

Нысаналардың жылыту жүйелері қабырғалар, терезелер, есіктер, шатырлар, төбелер және т.б. сияқты қоршағыш құрылыс құрылымдары арқылы жылу энергиясының шығындарының орнын толтырады. Қоршағыш құрылымдардың осы элементтері нысананың жылу контурын орнатады. Энергияны тиімді үнемдеу – ғимараттардың кез-келген түрлерін құру кезінде негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қоршағыш құрылымдар жылыту, желдету, ауаны баптау жүйелерімен бірге энергияны қолайлы үнемдеу кезінде бөлмелердегі ауа температурасының, ауаның салыстырмалы ылғалдылығының шектемелік мәнін қамтамасыз етуі тиіс. Ғимараттың қоршағыш құрылымдары күн радиациясы, жаңбыр, қар, жел, төмен температура сияқты әртүрлі атмосфералық әсерлерге және жоғары, төмен температуралар, ылғалдылық, агрессивтік орта сияқты пайдалану әсерлеріне ұшырайды. Осының салдарынан қоршағыш құрылымдар осы әсерлерге қарсы жоғары төзімділікке ие болуы және ғимараттың күні бұрын тозуы мен бұзылуынан сенімді түрде қорғауы тиіс. Жылу контурын жылыту, оның элементтерін қанағат етерлік күйде ұстау жылу шығындарын төмендетуді, аз шығындану кезінде ішкі ауа температурасының қанағат ететін мәндеріне жетуді қамтамасыз етеді.    

Жылу шығындарының мөлшері келесі түрде бағалануы мүмкін:
қабырғалар арқылы – 40 %,
едендер арқылы – 10 %,
шатырасты жабындылары арқылы – 10%,
желдету жүйесі арқылы – 10%,
терезелер, терезе желдеткіштері арқылы – 20-30 %
Жылыту бойынша жұмыстар түрлерінің қысқа тізімі және оларды орындау ерекшеліктері көрсетіледі.
Қарастыруға талшықты материал («шыны мақта» типті) ұсынылады. Тығыздық бойынша бұл материалдың бірнеше маркалары (жұмсақ, орташа, қатты) бар. Материал міндетті түрде тігістері айқастырылып салынады. Жылыту үшін бу-желоқшаулау (бір бағытқа ылғалды нашар өткізетін және екінші жақта ылғалды ұстап қалатын арнайы пленка) қолданылады. Сонымен қатар пленка мақтаны желденуден қорғайды.
Қабырғалар ішкі және сыртқы жақтан жылытылуы мүмкін. Ішкі жақтан жылытқыш қабаты жұқа (орташа тығыздықты) болады. Буоқшаулағыш ылғалға төзімді жағымен сыртқа қарай үстінен және ішкі жақтан бекітіледі. Терезелер мен есіктердің ойықтарымен түйісетін бұрыштар мен түйіндесулеріне ерекше назар аудару керек, бұл жерде жылытқыш толық қабатпен ойықтарға тығыз салынады және есіктер мен терезелердің қораптарымен қосылады. Сыртқы беттер аса тығыз жылытқыштармен (орташа тығыздықтан кем емес) жылытылады, буоқшаулағыш ылғалға төзімді жағымен сыртқа қарай тек үстіңгі жақтан жабылады. Терезелер мен есіктерді сырттан жылыту жоғарыдағыға ұқсас орындалады. Төбе ішкі жақтан да, шатырдың астыңғы жағынан да жылытылуы мүмкін. Бұл жерде жұмсақ жылытқыш және буоқшаулағыштың ылғалға төзімді жағымен сыртқа қарай төсеу арқылы қос қабаты қолданылады. Ағаштан жасалған бағыттағыш арқалық тек қана пленкамен қапталады. Бетон немесе болат арқалықтар жылытқыштың жұқа қабатымен (таңбалау бойынша нормативті қалыңдықтан 0,5) қапталады, жылытқыштың үстінен ылғалға төзімді жағымен сыртқа қарай пленка төселеді. Жылытқыш ойықтардың барлық периметрлері бойынша барлық жабындының қалыңдығымен қосылуы тиіс.                     

Өскемен қаласында қолданылатын шатырасты жабындыны құру бойынша үлгілік техникалық шешімдер:
Жалпы төсеу: буоқшаулау – бірінші қабат, жылытқыш қабаты, гидрооқшаулау – жабу қабаты.
Қолданылтын жылытқыш:
1. Қуысты шлак (күл емес), қабат қалыңдығы ≥ 300 мм.
2. Керамзитті қиыршықтас, қабат қалыңдығы ≥ 300 мм.
3. Қатты минералмақта тақта («Изотерм» типті). Жылытқыштың негізгі ауданы бетінің қалыңдығы 50 мм-ге тең, гидрооқшаулау қабатымен жабылған барлық периметр бойынша сыртқы беттен жапсарлас аймақтың (ені 1 м) жылытқыш қалыңдығы 100 мм-ге тең.
4. Жұмсақ минералмақта тақта. Жылытқыштың негізгі ауданы бетінің қалыңдығы 100 мм-ге тең, гидрооқшаулау қабатымен жабылған барлық периметр бойынша сыртқы беттен жапсарлас аймақтың (ені 1 м) жылытқыш қалыңдығы 200 мм-ге тең.
Қатаң климат жағдайларында ғимараттың ішінде жайлы температураны ұстап тұру үлкен маңызға ие. Көбінесе бұл мәселе ғимараттың жылу контурын сауатты ұйымдастыруы арқасында шешіледі.