Жылумен қамтуға жауап берудегі қатысушылардың пайдалану шекарасының үдірісі

16.04.2018

Тұтынушыларға келетін ыстық судағы жылу энергиясы (ЖЭО және қаланы жылыту қазандықтарынан тасымалдау) бір шама ұйымдардың және ұжымдардың жұмысының нәтижесі, жылу көзінен шыққан жылуды пайдалану орындарына «Өскемен жылу жүйелері» АҚ тасымалдап, жылу энергиясын тұтынушылар арасында жылу пайдалану жүйесі арқылы желдету, ыстық сумен қамту жұмыстарын (ЖБК, ПИК, ЖК, ЖШС ұйымдары ) арықарайғы тарату жұмыстарын атқарады.

            Жылумен қамту үдірісінің қатысушыларына жаукершілігінің шекарасы жабдықты теңгерімді шектеу құжаты арқылы орнатылады (меншік щекарасы анықталады) және пайдалану жауаптылығы (қатысушылардың пайдалану және жөндеу қалпына келтіруді орындау шекарасы анықталады).

            Көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ЖБК, ПИК, ЖК, ЖШС теңгерімінің жабдықтары шекарасын және пайдалану жауапкершілігін анықтауда «Өскемен жылу жүйелері» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін нормативті-техникалық ережеге сүйенеді.

            Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығының 64 т. сәйкес,

көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші ұйымның арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы жылу энергиясы көзі тарапынан басқару торабының кіру ысырмаларының бірінші бөлу ернемегі немесе дәнекерлі тігіс бойынша анықталады. Жауапкершілік шекарасының өту кестесі 1. суретте көрсетілген.


     

ЖБК, ПИК, ЖК, ЖШС және пәтер иелерінің арасын шектеу актісі Өскемен қ. пәтер иелері кооперативінің Ассоциациясы және «Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің ұсыным негізінде рәсімделеді. Ұсыным 04.04.2016ж. берілген.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ-на берілген ұсыным редакциясында » ЖБК, ПИК, ЖК, ЖШС және пәтер иелерінің жауапкершілік шекарасын шектеу техникалық жағдайы және қауіпсіз пайдалану көрсетілген:

ЖБК, ПИК, ЖК, ЖШС үшін жылыту желілері бойынша – жертөлелердегі (шатырдағы) ажырату үйге кіруден тікқұбыр шұраға дейін, сонымен бірге; баспалдақ алаңын жылыту сызығы, баспалдақ алаңындағы жылыту радиаторлары;

пәтер иелері үшін жылыту желілері бойынша-   пәтер ішіндегі жылыту тікқұбыры және желісі, соның ішінде қабырға ішіндегі, қабырғадағы текшедегі, қораптағы, едендерге салынған, пәтердегі жалғастырғыш, радиаторлардағы тікқұбыр тармағы және радиаторлар;

ЖБК, ПИК, ЖК, ЖШС үшін ыстық сумен қамту жүйелері бойынша- жертөлелердегі үйге кіруден тікқұбыр шұраға дейін қоса алғанда;

пәтер иелері үшін ыстық сумен қамту жүйелері бойынша- пәтер ішіндегі ыстық су тікқұбыры және желісі, соның ішінде қабырға ішіндегі, қабырғадағы текшедегі, қораптағы, едендерге салынған шұраны қоса тікқұбыр тармағы, пәтердегі ыстық сумен қамту жабдығы;

            Жауапкершілікті бөлу шекарасындағы жылу тасымалдағыштағы қысым және температураны өлшеу нәтижесі- жауапкершілікті бөлу шекарасына берілген жылу энергиясының сапа көрсеткіші, желі жұмысының температура кестесіне сәйкестігі, жылыту жүйесіндегі және ыстық сумен қамту бойынша жұмыстардың орындалуының жеткіліктілігінде.