«Өскемен жылу жүйелері» АҚ келесі мүліктерді сатуға қайта тендер формасында саудаласуды өткізуді жариялайды

Қайта тендер формасында саудаласуды өткізу туралы хабарландыру:

1. «Өскемен жылу жүйелері» АҚ келесі мүліктерді сатуға қайта тендер формасында саудаласуды өткізуді жариялайды:


р/н

Нысанның атауы

Ең төменгі сату бағасы, теңге

1

КамАЗ-5511 мем. № F742DE самосвал автомобилі

535 000

2

ГАЗ-53 мем. № F319DK автомобиль шеберханасы

199 000

ГАЗ-5312 мем. № F834DN автомобилі

213 000

4

УАЗ-39099 мем. № F637КМ автомобилі

180 000

5

УАЗ-39094 мем. № F697КМ автомобилі

178 000

6

УАЗ-3909 мем. № F310АР автомобиль фургон

181 000

7

Мем. № F649DN УАЗ-3303 жүк автомобилі

116 000


 2.Сұраныстарды қабылдау орны және қатысушыларды тіркеу: Қайта тендерге қатысушыларды тіркеу мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Рабочая көш., 6/1,  ЖПҚ ғимараты №1 каб.,  ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және «29»  наурыз 2021ж. 16.00 аяқталады.  Ұсыныстарды беру мерзімінің бұзылуы, уақытынан кешіккен тұлғаны тендерге қатысушылардың есебінен шығаруға әкеледі.  

3.Тендерді өткізудің күні, орны және уақыты:  Өскемен қаласы,  М.Горький көшесі, 61,    конференц-залында «30» наурыз 2021ж. 10.00 сағ. өтеді.

4.Саудаласудың формасы мен тәсілі – тендер, сатылатын нысанның сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсыныстарды Сатып алушы жабық конвертте ұсынады;

5.Қайта тендерге қатысушылардың Кепілдік жарнасының  лот сомасының  1% құрайды және әрбір лотқа жеке «Өскемен жылу жүйелері» АҚ кассасына қолма-қол ақша төлеу арқылы немесе «Өскемен жылу жүйелері» АҚ банктік есепшотына аударылады: ЖИК KZ4796504F0007334332 «ForteBank» АҚ, БСК IRTYKZKA, БСН 970340000020№

Кепілдік жарнаны Сатушы қайтармайды:

- Жеңімпазға – оның  саудаласудың қорытындысына қол қоюдан немесе сату-сатып алу Шартын жасаудан бас тартқан жағдайда;

-  Сатып алушыға – оның сату-сатып алу шарты бойынша орындамауы немесе толық дұрыс орындамауы жағдайында.

6. Сатушының орналасқан мекен жайы: 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қ.,   М. Горький көшесі, 61, тел./факс +7 (7232) 26 95 43.

7. Сатылу нысандары және тендерді өткізу тәртібі туралы ақпараттарды алу тәсілдері: Ақпаратты мына: «Ө ЖЖ» АҚ МжКҚ бастығы Н.Н.Светличныйдан 701-722 ішкі. 5430, 21-63-74 телефондар арқылы алуға болады. 

8. Саудаласуды өткізу тәртібі, соның ішінде саудаласуға қатысуды рәсімдеу туралы, Саудаласудың жеңімпазын анықтау шарттары: қайта тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін, ұсынылу қажет:  

 - қайта тендерге қатысуға тапсырыс. Тапсырыс формасын хабарландырудың 7 т. көрсетілген тұлғадан алуға болады; 

- төлқұжат немесе басқа жеке басының куәлігін растайтын құжат (ЖСН); 

- Өкілдің уәкілеттігін куәлендіретін құжат;

- сатылым нысанын сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсыныс (жабық конвертте ұсынылады);

- кепілдік төленгенін растайтын құжат;

- байланыс деректері (пошта мекенжайы, телефон, факс, эл.пошта).

Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары қосымша заңды тұлғалардың тіркелуі туралы куәліктің көшірмесін немесе тірлкелген заңды тұлға туралы анықтаманы ұсынуы тиіс(БЖН). 

Комиссия сатылым нысаны үшін ең жоғары бағаны мазмұндайтын ұсыныс білдірген қайта тендерге қатысушыны қайта тендердің жеңімпазы ретінде жариялайды.   Егер екі немесе одан көп Қатысушының  ұсынысының бағасы бірдей болатын болса,  онда басқа қайта тендерге қатысушылардан сұранысы бұрын болған, қайта тендердің шартына сәйкес келетін Қатысушы қайта тендердің Жеңімпазы болып танылады.   Комиссия коммерциялық ұсынысы бар конверттерді ашқан күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қайта тендердің нәтижесін шығарады.  Қайта тендердің нәтижесі қайта тендердің қорытындысының хаттамасымен рәсімделіп, оған комиссия төрағасы, және қайта тендер аяқталған соң барлық комиссия мүшелері мен жеңімпаз қол қою арқылы жүзеге асырылады.   

Қайта тендердің нәтижесі туралы хаттама қайта тендердің қорытындысын тиянақтайтын және жеңімпаздың және сатушының сатылым нысанының сату-сатып алу шартын жасауға міндеттейтін    құжат болып табылады.  Жеңімпаз сату-сатып алу шартын қайта тендердің нәтижесін шығарған күннен соң 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жасауға міндетті.