Асхат Кенжебекович Букатов

Асхат Кенжебекович Букатов
Техникалық директор

Асхат Кенжебекович кәсіпорынның барлық техникалық қызметін үйлестіреді және бақылайды; құрылыс-жөндеу жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады, жөндеу жұмыстарының мерзімі мен сапасына техникалық және қаржылық бақылау жасайды; жаңа нысандарды және жөнделген нысандарды қабылдау бойынша комиссияны басқарады; күн сайын кәсіпорынның техникалық жағдайын және басқада өндірістік жұмыстарды қадағалап отырады.

Өзінің еңбек жолын 2007 жылы плиткалы-қаптаушы болып бастады, содан кейін Семей қаласында ТЭЦ-1 бу қазандықтарының машинисі болды. Сонымен қатар, «Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы, коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2011-2015 жылдары техникалық директордың орынбасары,  Семей қаласы  «Теплокоммунэнерго» МКК- да техникалық директор, Зырян ауданы әкімінің орынбасары, 2018 жылы Өскемен қаласында "ШҚО энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы" басшысының орынбасары, ал 2020 жылы шілдеде "Өскемен жылу жүйелері" АҚ техникалық директоры болып тағайындалды. 

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Даму болашағын жаңадан салынып жатқан нысандарды жылумен қамтамасыз ету және жылу энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін энергия үнемдейтін технологияларды қолдана отырып, кәсіпорынның жылу қуатын арттырудың болашағы қаланың экономикалық салаларының тұрақты дамуының бір бөлігі ретінде қарастырады.