«Өскемен жылу жүйелері» АҚ миссиясы
«Өскемен қаласының халқын, өнеркәсіптік кәсіпорындарын, бюджеттік және коммерциялық ұйымдарын сапалы жылу энергиясымен тиімді және қауіпсіз қамтамасыз ету».
Пайымдауы
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тұрғындары үшін жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсететін сенімді кәсіпорын болып табылады.
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен талаптарын ескере отырып, белгіленген нормативтерге сәйкес қызметтер көрсетуге, тұтынушылар мен серіктестер тарапынан танытылатын сенімді сақтауға және өзінің оңды бейнесі мен беделін қолдауға (құруға) ұмтылады. Бұл үшін біз жылу энергиясымен жабдықтау саласында энергия үнемдейтін және экологияны сақтайтын технологияларды, заманауи әдістер мен құралдарды үздіксіз дамытып, енгізуге және қолдануға тырысамыз.
«Өскемен жылу жүйелері» АҚ миссиясы мен пайымдауын іске асыру үшін өз алдына төмендегідей стратегиялық мақсаттар қояды:
1) Аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) Қоғамның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету;
3) Тұтынушыларға арналған қызметтер саласына цифрландыруды енгізу;
4) Тұрақты даму қағидаттарын іске асыру.
1. Аймақтың энергетикалық қауіпсіздігі – «Өскемен жылу жүйелері» АҚ дамуының басты басым бағыттарының бірі, бұл бағытқа төмендегі жолдармен қол жеткізіледі:
1) кәсіпорынның негізгі және қосалқы қазандық жабдықтарына, жылу желілеріне, ғимараттары мен құрылыстарына уақытында диагностика жүргізу және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру;
2) кәсіпорын теңгеріміндегі нысандарды техникалық қайта жарақтандыру және жаңарту;
3) жылу энергиясымен сенімді түрде жабдықтау және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету.
2. Қоғамның инвестициялық жағынан тартымдылығы – «Өскемен жылу жүйелері» АҚ Кәсіпорынның қаржылық, өндірістік және әлеуметтік қызметін тиімді іске асыру жолымен инвестициялық тұрғыдан тартымды болуға тырысады. Жаңа активтерді теңгерімге қабылдау, тариф белгілеу жүйесін жетілдіру және шығындарды оңтайландыру арқылы қаржылық тұрақтылығын қалыптастырады.
Соңғы бірнеше жылдары «Өскемен жылу жүйелері» АҚ Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен ынтымақтастық құру аясында «Нұрлы Жол» республикалық бағдарламаларын және бірқатар жобаларды табысты іске асыруда. Ынтымақтастық құру нәтижелері бүгінгі күнге дейін өндірістік қызметті дамытуға, инновациялық шешімдер қабылдауға, жылу сорғы станцияларын бақылау және басқару жүйесін автоматтандыруға, байланыс арналарын қайта жаңартуға және ақпаратты жинау мен өңдеу жүйесін құруға бағытталған.
3. Тұтынушыларға арналған қызметтер саласына цифрландыруды енгізу. Деректерді жедел басқару және ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ақпараттық ресурстар мен жабдықтардың тиімді жұмысы қамтамасыз етіледі. Бұл міндетті шешу үшін тұтынушыларға кешенді қызмет көрсету саласын кеңейтуге және қызмет көрсету сапасын арттыруға және тұтынушылар үшін икемді қызмет көрсету жағдайын жасауға бағытталған цифрландырудың зияткерлік әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, Цифрландыру жөніндегі алгоритм және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ Цифрлық сервистерін танымал ету бағдарламасы іске асырылады.
4. Тұрақты даму қағидаттарын іске асыру.
Қоғамның тұрақты дамуының негізгі қағидаттары:
1) әлеуметтік жауапкершілік төмендегі іс-әрекеттерге бағытталады:
1. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын сақтау;
2. Кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне әділ сыйақы төлеу;
3. Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру;
4. Кәсіпорын қызметкерлері үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
2) экономикалық жауапкершілік – Кәсіпорынның қызметін ұзақ мерзімді құнды өсіруге, акционердің мүдделерін қамтамасыз етуге, үрдістердің тиімділігін арттыруға, неғұрлым жетілдірілген технологияларды құруға және дамытуға, еңбек өнімділігін жоғарылатуға арналған инвестицияларды арттыруға бағыттайды.
3) экологиялық жауапкершілік – қоршаған ортаға зиянды ықпалды барынша азайту, ресурстарды үнемді пайдалану, экологияға қауіпсіз және энергия үнемдейтін технологияларды қолдану, қалдықтарды қайта өңдеу және жою, табиғат қорғау іс-шараларын және экология саласындағы заңнамада қабылданған міндеттемелерді орындау жолымен экологиялық тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.
Миссия, пайымдау және стратегиялық мақсаттар.pdf