Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жаднама.
Жылыту маусымында мүмкін болатын өрттердің және тұншықтырғыш газбен улану оқиғаларын болдырмау мақсатында келесі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
- Жылыту маусымының алдында жылыту пештерінің түтіншыққыштарын тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет;
- Істен шыққан пештерді және басқа да жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыздар;
- Жанып тұрған пештерді қараусыз қалдырмаңыздар және оларды қадағалауды кішкентай балаларға тапсырмаңыздар;
- Жанармайды, басқалай жанатын заттарды от жағатын жерде қалдырмау керек, пеш жағу үшін бензин, керосин, дизельді жанармай немесе басқа ТТС пен ЖЗ қолданбау керек,
- қолдан жасалған электрқыздырғыш құрылғыларын пайдаланбаңыздар, қысқа тұйықталудан немесе тоқтың көп жүктелуінен қорғайтын басқа қолдан жасалған аппараттарды немесе калибрленбеген балқығыш қондырғыларды қолданбаңыздар,
- Желдету және түтін шығатын арналардың жағдайын үнемі тексеріп отырыңыздар: қардан, мұздан және басқа да бөтен заттардан тазарту керек,
- Газдың иісін сезген жағдайда бірден тетікті жауып, «104» авариялық газ қызметін шақырыңыз.
Тұншықтырғыш газ иіссіз, түссіз болады. Улану білінбейді және де өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. 0,08% көмірқышқыл газының өзі адамның басын ауыртып, тұншығуына жеткілікті. Газ қоспасы 0,32% -ке дейін көтерілген жағдайда аяқ-қол тартылып, естен тану болады (30 минуттан кейін өлімге әкеп соқтырады). Газ қоспасы 1,2% -тен асқан жағдайда адам 2-3 дем алған кезде есінен танады және де адам 3 минутқа жетпей өліп кетеді.
- өрт болған кезде «101» және «112» нөміріне хабарласыңыздар.