Премьер-министр бастапта бұл жобаларды Ресейлік серіктестермен бірлесе жүзеге асыру жоспарланғанын еске салды. “Ресей жағынан кепілдендірілген және арзандатылған қаржыландыру бойынша нақты ақпарат ала алмағандықтан, біз Көкшетауда өз күшімізбен құрылысты бастаймыз. «Самрук‑Энерго» құрылыс алаңында жұмыс жасап жатыр” — деді Бектенов.
Семей және Өскемен қалаларындағы ТЭЦ жобалары бойынша әлі Ресейдің жауабын күтіп отырмыз. Жауап келмесе, өзіміз жүзеге асыру жолдарын қарастырамыз, өйткені “біз ұзақ күте алмаймыз” — деді ол
Ол сондай-ақ республика бюджеті мұндай ірі жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты: “Жоба іске қосылғаннан кейін ол кіріс әкеледі, салынған инвестициялар қайтарылады” — деді премьер.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын 2023 жылы Қазақстан мен Ресей үш жаңа ТЭЦ‑ты (Көкшетау, Семей, Өскемен) салу туралы меморандумға қол қойған болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz