Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу аспабы (көп қабатты үйлер)

Орнату

Құрметті тұтынушы!
1998 жылғы 9 шілдедегі №272-1 «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттелетін коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері тұтынушыларға реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алу құралдарын сатып алып, орнатуға міндетті. Ал реттелетін коммуналдық қызметтерді тұтынушылар есепке алу құралдарын орнатуға және оларды толық көлемде, уақтылы төлеуге міндетті.

Жылу энергиясын есепке алу құралы – жылу энергиясының мөлшерін анықтауға және жылутасымалдағыштың массасы мен параметрлерін өлшеуге арналған құрал немесе құралдар жиынтығы (жылу есептегіш). Бұл құрал ғимараттың жылу кірісіне орнатылады және екі шығын өлшегіштен, екі термопреобразовательден, жылу есептегіш құрылғыдан, жапқыш арматурадан, GSM модемінен және монтаждау бөлшектері жиынтығынан тұрады.

Орнатудан кейін тұтынушылар:

  • Жылутасымалдағыштың шығынын азайту арқылы жылу энергиясын үнемдей алады;
  • Сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты үйішілік жылыту жүйесін ертерек қосып, кешірек өшіруге немесе керісінше реттеуге мүмкіндік алады.

Есепке алу құралын орнатқан тұтынушылар бекітілген нормалар мен есептік жүктеме бойынша төлем жасаудан шығып, жылу энергиясын нақты тұтыну мөлшеріне сәйкес, есептеу құрылғысының көрсеткіштері бойынша төлем жасайды.

Жылыту маусымы жауапты тұлғаның өтініші бойынша және техникалық дайындығы болған жағдайда 1 қыркүйектен басталып, 25 мамырға дейін ұзартылуы мүмкін.

Алдымен, Сізге орнату әдісін таңдау қажет. Біз Сізге екі тәсілді ұсынамыз:

1-тәсіл

Есепке алу құралын өз қаражатыңыз есебінен сатып алып, орнату.

  1. Есепке алу құралдарын орнатуға лицензиясы бар кез келген мамандандырылған монтаждау ұйымының өкілдерін шақырып, орнату орнын тексерту, орнату күнін келісу және жылу есептегіштің құнын нақтылау қажет. Мысалы, келесі монтаждау ұйымдарының біріне жүгінуге болады:

    Монтаждау ұйымының атауы Телефон
     «ВПА» ЖШС 52-02-23
    «ТМ-Тепломир» ЖШС 62-30-49
    «ТЭЛС монтаж» ЖШС 70-74-01
    «Предприятие ВТИ» ЖШС 26-58-70
    «ЭнБиС» ЖШС 60-24-80
    «Кузнецов и К» ЖШС 60-24-76, 60-24-77
    «ST GlobalEnergySecurity» ЖШС 91-04-16
    «Профэнергобезопасность» ЖШС 22-42-77
    «Силумин-Сервис» ЖШС 91-99-04


  2. Тексеру нәтижелері бойынша есепке алу құралын орнату орны анықталып, құралдың түрі мен маркасы таңдалады, содан кейін оның құны есептеледі.Монтаждау ұйымы жылу есептегіш торабының жұмыс жобасын (жылу есептегіштің түрі, орнату орны) «Шығыс Жылу» АҚ-мен келіседі. Мекенжайы: М. Горький көшесі, 61, 112-кабинет, тел.: 701-722 (5390) немесе (5392). Осыдан кейін құралды орнатып, баптау жұмыстарын жүргізеді.
  3. Құрал орнатылған соң, монтаждау ұйымы «Шығыс Жылу» АҚ-ға (тел.: 701-722 (5624) немесе (5382), мекенжайы: **М. Горький көшесі, 61, 112-каб.) жылу есептегішті пайдалануға қабылдау туралы өтінім береді және тұтынушыға «Шығыс Жылу» АҚ өкілінің келу уақыты туралы хабарлайды.
    Жылу энергиясы мен жылутасымалдағыштың есебі тұтынушының есепке алу құралдарының көрсеткіштері негізінде, оны пайдалануға қабылдау туралы актке қол қойылған сәттен бастап жүзеге асырылады.
  4. Өтінім бойынша «Шығыс Жылу» АҚ өкілі тұтынушы өкілінің қатысуымен есепке алу құралдарын пайдалануға қабылдайды. Осыған байланысты тиісті акт жасалады және есепке алу құралы пломбамен бекітіледі.
2-тәсіл

Есепке алу құралын «Шығыс Жылу» АҚ қаражаты есебінен қайтарымды негізде, уәкілетті органмен (ШҚО бойынша ДКРЕМ және ЗК МНЭ) келісілген құны бойынша, 6 немесе 12 айға бөліп төлеу шартымен орнату. Ай сайынғы төлем есептік айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізілуі тиіс.

Орнату үшін қажетті қадамдар:

  1. «Шығыс Жылу» АҚ-ға есепке алу құралын орнату туралы жазбаша өтініш беру.
  2. «Шығыс Жылу» АҚ өкілдері келесі жұмыстарды орындайды:
    • Орнату орнын тексеру (тұтынушы жазбаша өтініш береді).
    • Есепке алу құралын сатып алу және орнату туралы шарт жасау (көпқабатты үйлер үшін тұрғындардың 2/3 бөлігінің келісімі бар жиналыс хаттамасы қоса берілуі тиіс).
    • Есепке алу құралын сатып алу үшін мемлекеттік электрондық сатып алуды жүргізу.
    • Құралды орнату үшін монтаждау ұйымымен шарт жасасу.
    • Құралды орнату, оны пайдалануға қабылдау және тұтынушының уәкілетті өкіліне жауапты сақтауға тапсыру.

Төлем тәртібі: Есепке алу құралын сатып алу және орнату құны энергиямен жабдықтаушы ұйым арқылы ай сайын есептеледі. Құрал толық төленгеннен кейін ол тұтынушының меншігіне өтеді.

Орнату құны: Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 8-бабы 36-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының» 9-бөлімінің 312-тармағына сәйкес бір жылу есептегіштің құны келесідей:

  1. Ø 20 мм (ультрадыбыстық) – 867 494 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда);
  2. Ø 20 мм (электромагниттік) – 1 317 286 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда);
  3. Ø 25 мм (электромагниттік) – 1 377 013 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда);
  4. Ø 32 мм (электромагниттік) – 1 444 714 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда);
  5. Ø 40 мм (электромагниттік) – 1 516 784 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда);
  6. Ø 50 мм (электромагниттік) – 1 592 088 теңге (ҚҚС-ты қоса алғанда).
Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз