Ыстық судың жеке есептеу аспаптары (суесептегіштері)

Тексеру

1-ші тәсіл. Есептеу құрылғысын монтаждау ұйымы арқылы тексеру (құрылғыны алмай-ақ, демонтажсыз)

  1. Төменде есептеу құрылғысын үйде алып тастамай-ақ тексеру жүргізу үшін хабарласуға болатын ұйымдардың тізімі берілген:

Монтаждау ұйымының атауы Телефон
«НПО Движение» ЖШС 25-22-22
8 706 422 52 25
«Национальный Центр Экспертизы и Сертификации» АҚ 25-03-03
8 777 906 10 12
«Востокэнергосервис» ЖШС 77-25-11
52-09-90
«East Rich плюс» ЖШС 51-61-25
8 705 505 73 32
«Доступный сервис» ЖШС   8 705 359 20 21


Назар аударыңыз! Бұл тексеру әдісін таңдаған жағдайда есептеу құрылғысындағы пломбаны шешудің қажеті жоқ! Тексеру құнын монтаждау ұйымы белгілейді.

Тексеру аяқталғаннан кейін маман тексеру туралы төлқұжатты береді және деректерді «Шығыс Жылу» АҚ және «Өскемен-Водоканал» МКК-ға өз бетінше жібереді.

2-ші тәсіл. Есептеу құрылғысын монтаждау ұйымы арқылы тексеру (құрылғыны алып, демонтажбен)

  1. «Шығыс Жылу» АҚ бақылаушысын 560-566 номері бойынша хабарласып шақырыңыз. Бақылаушы келіп, құрылғыдағы пломбаны шешеді және екі дана етіп акт жасайды (бір данасы сізде қалады, екіншісі – «Шығыс Жылу» АҚ-ға тапсырылады). Осы күннен бастап төлемдер шығын нормасы бойынша есептеледі.

    Ескерту: Егер тексеру белгіленген мерзімде жүргізілмесе және осы әдіс таңдалса, пломбаны өзіңіз де шешуге болады. Өйткені тексеру мерзімі өткен құрылғылар автоматты түрде есептен шығарылады. Тексеру мерзімін нақтылау үшін 560-566 телефонына хабарласыңыз немесе құрылғының төлқұжатын қараңыз.

  2. Төмендегі кез келген фирмағы хабарласыңыз.

    Монтаждау ұйымының атауы Телефон
    «East Rich плюс» ЖШС 51-61-25
    8 705 505 73 32


    Белгіленген күні монтаждау ұйымының өкілі келіп, есептеу құрылғысын шешіп, тексеруге алып кетеді, бұл ретте сізге ыстық суды пайдалануға мүмкіндік беріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін маман құрылғыны қайта орнына орнатып, пломбалайды және тексеру төлқұжатын береді. Сонымен қатар, тексеру нәтижелері «Шығыс Жылу» АҚ және «Өскемен-Водоканал» МКК-ға өздігінен жіберіледі. Тексеру құнын монтаждау ұйымы белгілейді.

3-ші тәсіл. Құрылғыны тексеру станциясында тұтынушының өзі алып барып тексертуі

  1. «Шығыс Жылу» АҚ бақылаушысын шақырыңыз (560-566), ол құрылғының пломбасын шешеді.

  2. Есептеу құрылғысын шешіп алып, оны аккредиттелген тексеру станциясына апарыңыз.
    Тексеру құнын тексеру станциясы немесе монтаждау ұйымы белгілейді.

  3. Тексеру аяқталғаннан кейін құрылғыны орнына қайта орнатыңыз.

  4. Құрылғыны қайта пломбалау үшін «Шығыс Жылу» АҚ бақылаушысын шақырыңыз (560-566).

Есептеу құрылғысын ауыстыру үшін пайдаланудан шығару (апаттық жағдай немесе құбырларды жөндеу/ауыстыру кезінде)

1-ші тәсіл. Ыстық су есептеу құрылғысын монтаждау ұйымы арқылы пайдаланудан шығару және кейіннен пломбалау

Құрылғыны пайдаланудан шығару және кейіннен пломбалау жұмыстарын жүргізу үшін төменде көрсетілген ұйымдардың кез келгеніне жүгінуге болады:

Ұйм Телефон
«НПО Движение» ЖШС 25-22-22
8 706 422 52 25
Предприятие «ВТИ» ЖШС 26-58-70
«Кузнецов и К» ЖШС 60-24-76
60-24-77
«Служба сервиса Добрыня» ЖШС 61-52-15
 «East Rich плюс» ЖШС 51-61-25
8-705-505-73-32
«Востокэнергосервис» ЖШС 77-25-11
52-09-90
МТК Сервисная служба (ИП Герасимов И. С.) 54-11-11
«ПМК «Добрыня» ЖШС 700-111
8-707-620-1212
8-776-620-1212
    «Доступный сервис» ЖШС 8-705-359-20-21
    "ПромМетроСервис" ЖШС 23-11-18
23-10-14
8 705 417 57 03

Жұмыс аяқталғаннан кейін аталған ұйымның өкілі есептеу құрылғысына пломба орнатады. Пайдаланудан шығару және қайта енгізу актілерін «Шығыс Жылу» АҚ-ға тапсырады.

2-ші тәсіл. Есептеу құрылғысын «Шығыс Жылу» АҚ бақылаушысы арқылы пайдаланудан шығару

Бұл әдіс тұтынушы есептеу құрылғысын өзі немесе 1-ші тәсілде көрсетілмеген кез келген монтаждау ұйымы арқылы ауыстырған жағдайда қолданылады.Құрылғыны пайдаланудан шығару және қайта енгізу үшін 560-566 телефоны арқылы өтініш беріңіз. Қызмет тегін көрсетіледі.

3-ші тәсіл. Есептеу құрылғысын ОСИ, ПТ, КСК слесарі арқылы пайдаланудан шығару

Бұл әдіс апаттық жағдай немесе құрылғыны ОСИ, ПТ, КСК арқылы ауыстыру қажет болғанда қолданылады. 

  1. ОСИ, ПТ, КСК слесарі құрылғының пломбасын шешеді және акт жасайды, онда мекен-жай, пәтер иесінің аты-жөні, пломбаны шешу күні, барлық ыстық су есептеу құрылғыларының соңғы көрсеткіштері мен сериялық нөмірлері жазылады.
  2. Актке барлық қатысушылар, соның ішінде ОСИ, ПТ, КСК төрағасы қол қояды және мөр басылады.
  3. Актті 3 күн ішінде «Шығыс Жылу» АҚ-ға кез келген ыңғайлы тәсілмен тапсыру қажет:

    • Жеке тапсыру:
      • М. Горький к-сі, 61
      • Қазыбек би даңғ. 1/2.
      • Б.Шаяхметов к-сі,13А., абонент бөлімі
    • Электронды түрде жіберу:
Құрылғы пайдаланудан шығарылған кезеңде ыстық су үшін төлем тұтыну нормалары бойынша есептеледі.

Есептеу

Ыстық судың жеке есептеу құрылғысының көрсеткіштерін ай сайын тапсыру қажет, тіпті су шығыны болмаса да.
Ыстық су үшін төлем есептеу тәртібі:

  • Берілген көрсеткіштерге сәйкес.
  • Егер көрсеткіштер тапсырылмаса – жеке орташа шығын бойынша (әр тұтынушы үшін жеке есептеледі).
  • Егер көрсеткіштер тапсырылмаса және орташа шығынды есептеу мүмкін болмаса – бір адамға шаққандағы нормативтік тұтыну бойынша.

Қайта есептеу (төмендету жағына қарай) тексеру көрсеткіштерін алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Қайта есептеу үшін «Шығыс Жылу» АҚ бақылаушысын шақыру қажет. Ол үшін 560-566 телефоны арқылы үйге бақылаушы шақыруға өтініш беріңіз.

Егер сіз пәтерде уақытша тұрмасаңыз (1 айдан астам уақыт):

  • Ыстық су үшін есептеу жүргізілмеуі үшін өтініш жазыңыз:
  • Мекенжай: М. Горький к-сі, 61.
  • Телефон: 560-566

Сапарға шығар алдында есептеу құрылғысының тексеру мерзімін тексеріңіз. Егер мерзім аяқталуға жақын болса, құрылғыны уақытылы тексеруден өткізіңіз ("Тексеру" бөлімін қараңыз).


Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз