Ыстық судың жеке есептеу аспаптары (суесептегіштері)

Көрсеткіштерді беру әдістері

Құрметті тұтынушылар! Сіздер үшін ыстық судың есептеу құрылғысының көрсеткіштерін берудің барлық тәсілдерін бір жерге жинадық. Олардың барлығымен сіз https://taplink.cc/ukts__info таныса аласыз.

1-тәсіл: Telegram чат-боты
@UKTSbot

2-тәсіл: WhatsApp чат-боты
+7 775 221 2557

3-тәсіл: Мобильді қосымша
«Шығыс Жылу» жеке кабинеті. Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болады.

4-тәсіл: Жеке кабинет арқылы
Веб-сайт: www.ukteplo.kz

5-тәсіл: СМС-хабарлама жіберу
Нөмір: +7 702 224 24 80
Формат:*лицевой счет (9 цифр) немесе мекенжай# су есептегіш №1 көрсеткіші# су есептегіш №2 көрсеткіші#

6-тәсіл: Электрондық пошта арқылы
Email: ukts.sms@mail.ru
Хатта келесі мәліметтер болуы тиіс:
Жеке есеп-шотыңыз
Мекенжайыңыз
Ыстық судың есептеу құрылғысының соңғы көрсеткіштері
Жауап ретінде алдын ала есептелген төлем ақпаратын аласыз

7-тәсіл: Call-орталықтың дауыстық поштасы
560-900 (тәулік бойы жұмыс істейді)

Нөмірді тергеннен кейін сөйлесу тілін таңдау қажет:
1 — қазақ тілі,
2 — орыс тілі.

Одан кейін көрсеткіштерді беру тәсілін таңдаңыз:
1 — көрсеткіштерді дауыс арқылы беру: дыбыстық белгі берілгеннен кейін мекенжайды, тегіңізді, байланыс телефонын және соңғы көрсеткіштерді атаңыз.
2 — берешек сомасын білу және ыстық сумен жабдықтау есептегішінің көрсеткіштерін беру: жеке шот нөмірін енгізіп, «*» батырмасын басыңыз. Робот автоматты түрде мекенжайды, текті және берешек сомасын хабарлап, кейін көрсеткіштерді беруді ұсынады.

Көрсеткіштер бүтін сандармен, ондық бөлшексіз енгізілуі қажет.
Көрсеткіштер дұрыс енгізілген жағдайда, жүйе алдын ала есептелген төлем сомасын автоматты түрде хабарлайды.


8-тәсіл: Тікелей орталыққа бару
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары:
М. Горький көшесі, 61
Қазыбек би даңғылы, 1/2, 2-қабат, «ОЭСК» АҚ
Б. Шаяхметов көшесі, 13А, «Таза-Өскемен» КММ
Операторға тапсыру немесе арнайы жәшікке бланк салу мүмкіндігі бар

9-тәсіл: Банк немесе Қазпошта арқылы төлеу кезінде
«Қазпошта» бөлімшесінде жылу энергиясы үшін төлем жасаған кезде ыстық су есептегішінің соңғы көрсеткіштерін кассирге хабарлауға болады. Тек жеке тұлғалар үшін.
Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз