Құрметті тұтынушылар!
Қазіргі уақытта «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның (бұдан әрі-ӨЖЖ АҚ) бақылаушылары тұтынушылармен жаңа редакцияда жылу энергиясын жабдықтауға арналған үлгілік шартқа сәйкес келетін жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарды (бұдан әрі-шарт) қайта жасасу бойынша жұмысты жүзеге асыратынын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.Осылайша, «ӨЖЖ» АҚ-ның бақылаушысы тұтынушыларға барған кезде шартты қайта жасасу үшін мынадай құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсыну қажет:
1. Пәтерге құқық белгілейтін құжаттарды (түпнұсқалар);
2. Пәтердің техникалық төлқұжатын (түпнұсқа);
3. Тіркелген жері бойынша Egov.kz электрондық үкіметтен тіркелгенін растайтын мәліметтер немесе тұратын адамдардың саны туралы қолхат;
4. Егер Сіз тұрғын үйді несиеге сатып алған болсаңыз, ипотекалық несиелеу шартын (түпнұсқасын) және пәтерге құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет;
5. Жеке куәлік (түпнұсқа).
Шартты сенімхат негізінде әрекет ететін иесі, тең иесі, қамқоршысы немесе уәкілетті өкілі қайта жасай алады.
Жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсету шартына онлайн қол қою (EDOK коммуналдық қызметтер орталығы арқылы)
Қазіргі уақытта тұтынушылар үшін үйден шықпай-ақ жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсету шартын жасасудың бірегей мүмкіндігі бар! https://edoc.ukteplo.kz сілтемесіне өтіп, жаңа қызметті пайдаланыңыз.
- https://edoc.ukteplo.kz сілтемесі арқылы Коммуналдық қызметтер орталығының порталына өту;
- «Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде тұратын жеке тұлғалар үшін жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсету шартын жасасу (Риддер қаласының тұрғындары үшін)» бөлімімен алдын ала танысу;
- ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе egov.mobile мобильді қосымшасы арқылы авторизациядан өтіп, қызметке тапсырыс беру;
- Қызметті алу үшін барлық қажетті қадамдарды бірізділікпен орындап, өтінімді рәсімдеу;
- Өтінімнің өңделу мәртебесін жеке кабинеттегі «Қызметтер тарихы» бөлімінен бақылау.
- Шарт сәтті жасалғаннан кейін, дайын құжат электрондық түрде қалыптастырылады және оны басып шығару мүмкіндігі болады.
Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт
Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу тәртібі