Жылу желілерін коммуналдық меншікке және одан әрі "Шығыс Жылу" АҚ балансына беру кезіндегі құжаттар тізбесі (Жеке және заңды тұлғалар үшін)
- Бекітілген тіректерді, компенсаторларды, бекіту арматурасын байланыстыра отырып, ұзындығы, диаметрі көрсетілген жылу желісінің атқарушы схемасы.
- Жылу желісін жобалау және салу кезеңіне жер бөлу.
- Пайдалануға беру актісі (егер жаңа жылу желісі болса).
- "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Акционерлік қоғамдар туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған жылу желісінің нарықтық құнын бағалау актісі.
- "Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ-де М 1:500 масштабында жылу желісін көшіру.
- Сыйға тарту шарты бойынша жылу желісін жеке меншіктен қалалық коммуналдық меншікке беру.
- Қала әкімдігінің, облыс әкімдігінің қалалық коммуналдық меншікке жылу желісін қабылдау және "Шығыс Жылу"АҚ акцияларын төлеуге беру туралы шешімі.
- Қабылдау-тапсыру актісін ресімдеу (беру актісі).
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Жер кодексі.
- "Мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқық алу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 Қаулысы.
- Жылу желілерінің техникалық жай-күйін тексеру және бағалау әдістемесі (Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 10 ақпандағы №4 бұйрығымен бекітілген).