«Өскемен қаласының жылу жүйесін жаңғырту» жобасы
2017 жылғы 3 тамызда «ӨК ТС» АҚ мен ЕҚҚДБ арасында «Өскемен қаласының жылу жүйесін жаңғырту» жобасын қаржыландыруға арналған кредиттік келісімге қол қойылды. Кредиттік келісімге сәйкес жобаны іске асырудың жалпы құны 5,240 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
-
3 млрд. теңге – ЕҚҚДБ несиесі;
-
1,8 млрд. теңге – ҚР Үкіметінің даму мақсатындағы нысаналы трансферті;
-
0,2 млрд. теңге – қала және облыс Әкімдігінің үлесі;
-
0,24 млрд. теңге – ҚР Үкіметінің техникалық көмек қорлары.
Несие мерзімі – 13 жыл, оның ішінде 3 жыл жеңілдік мерзімі және 10 жылға дейін өтеу мерзімі.
Кредиттік келісім аясында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:
-
Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 2,4 км учаскелерін күрделі жөндеу, тозған құбырларды ППУ оқшауламасындағы жаңа алдын ала оқшауланған құбырларға ауыстыру. Бұл іс-шаралар энергия үнемділігі мен энергия сақтау саласындағы озық технологияларды қолдану арқылы жылу энергиясының шығындарын азайтуға, жылу жүйелерін жөндеу мен қызмет көрсету шығындарын төмендетуге, сондай-ақ қала тұрғындарына сенімді және сапалы жылу жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жөндеу жұмыстары 2021–2023 жылдар аралығында Теміржолшылар көшесінде, М. Тынышпаев көшесінде, Придеповская көшесінде (Қорғау шағын ауданы) жүргізілді.
-
Жылу жүйелерінің тозған құбырларын ұзындығы 2,4 км болатын полиэтилен қабықшасындағы пенополиуретанмен жылытылған жаңа болат алдын ала оқшауланған құбырларға ауыстыру жылу энергиясының шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. Жөндеу жұмыстары 2021–2023 жылдар аралығында Меновное кентінде жүргізілді.
-
16 сорғы станциясы, 4 орталық жылу пункті және екі диспетчерлік пункттің электрмен жабдықтау және автоматика жүйелерін жаңғырту, бірнеше автоматтандырылған сорғы станцияларын бір пункттен басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін жиілікпен реттелетін жетектерді енгізуді қоса алғанда. Жобаны іске асыру нәтижесінде 22 сорғы станциясының автоматика жүйесі қайта жаңартылды, 0,4 кВ кернеулі 12 тарату құрылғысы ауыстырылды, диспетчерлік пунктке электрмен жабдықтау енгізілді, 22 сорғы станциясының күйін нақты уақыт режимінде көрсететін бейнеқабырға орталық диспетчерлік пунктке орнатылды, автоматтандырылған жұмыс орнынан сорғы станцияларын қашықтан басқару енгізілді. Осы іс-шаралар жылу энергиясын тұтынушыға жеткізуде желінің сенімділік көрсеткіштерін арттыруға алып келді.
-
Жылу жүйелері нысандарын жөндеу және қызмет көрсету үшін аса қажетті 17 бірлік автокөлік және арнайы техника сатып алынды. Бұл арнайы техниканы сатып алу кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысының жеделдігі мен сенімділігін қамтамасыз етіп, қалаға жылу энергиясын жеткізудің үздіксіздігін қамтамасыз етті, еңбек шығындары мен техниканы жөндеуге кететін уақытты едәуір қысқартты, соның нәтижесінде кәсіпорын жабдықтарын жөндеу мерзімі мен ЖЖМ шығыны азайды.
Техниканы сатып алу 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде жүзеге асырылды.


















