Қызметі

«Шығыс Жылу» АҚ Қазақстан Республикасындағы табиғи монополия субъектісі және квазимемлекеттік сектор ретінде тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырады. Сатып алу рәсімдерінің барлығы www.goszakup.gov.kz ресми мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде жүргізіледі, бұл барлық әлеуетті жеткізушілер үшін тең жағдайларды қамтамасыз етеді.

Біз тұтынушыларымызбен теңдік пен адал бәсекелестік қағидаттарын сақтай отырып, ашық және адал ынтымақтастыққа ұмтыламыз, .

03.07.2024

1. «Өскемен жылу жүйелері» АҚ келесі мүлікті сатуға арналған тендер нысанындағы қайта саудаластықты жариялайды:

 


п/п

Нысанның атауы

Минималды сату бағасы, теңге

1

автокран Xcmg Xzj5310jgz25k гос.№ F449PL

31 572 000


 

2. Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу орны: Өскемен қ., Рабочая к., 6/1, ЖПБ ғимараты каб. № 1 2024 жылғы «12» шілде сағат 16.00-ге дейін. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және 2024 жылғы «12» шілде сағат 16.00-де аяқталады. Ұсыныстарды беру мерзімін бұзу әрекеті ұсынысты беру мерзімін бұзған тұлғаны тендерге қатысушылар қатарынан шығаруға әкеп соғады.

3. Тендер өткізу күні, орны және уақыты: Өскемен қ., М. Горький к., 61, конференц-зал 2024ж. «15» шілде сағат 10.00.сағ.

4. Саудаластықтың нысаны мен әдісі – тендер, сату нысанын сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсынысты Сатып алушы жабық конвертте береді;

5. Тендерге қатысушылардың кепілдік жарнасы лот сомасының 1%-ын құрайды және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ кассасына қолма-қол ақшамен жеке лотқа енгізіледі немесе «Өскемен жылу жүйелері» АҚ банк шотында орналастырылады: ЖСК KZ6494809KZT22031742 Өскемен қаласының «Еуразиялық банк» АҚ-да БСК EURIKZKA, БСН 970340000020.

Кепілдік жарнаны Сатушы төмендегі жағдайда қайтармайды:

- Жеңімпазға - ол саудаластық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан немесе сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;

- Сатып алушыға - сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісті орындалмағанда.

6. Сатушының орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 61, тел. / факс +7 (7232) 269543.

7. Сату нысаны және тендер өткізу тәртібі туралы ақпарат алу тәсілдері: ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:701-722 ішкі н. 4425 «ӨЖЖ» АҚ МжКҚ миханигі Кузнецов Е.С.

8. Саудаластықты өткізу тәртібі, оның ішінде саудаластықта қатысуды ресімдеу, саудаластықтың жеңімпазын белгілеу шарттары туралы: тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегілерді ұсыну қажет:

- тендерге қатысуға өтінім. Өтінім нысанын хабарландырудың 7-тармағында көрсетілген тұлғадан алуға болады.;

- төлқұжат немесе өзге жеке басты куәландыратын құжат (ЖСН);

- өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

- сату нысанын сатып алу бағасы туралы коммерциялық ұсыныс (жабық конвертте беріледі);

- кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын құжат;

- байланыс мәліметтері (пошта мекенжайы, телефон, факс, эл. пошта)

Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары қосымша заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің немесе тіркелген заңды тұлға туралы анықтаманың (БСН) көшірмесін ұсынады.

Сұрақ қою
Тек сұрағыңызды жазыңыз